1 МАУСЫМ «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ»

1 МАУСЫМ «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ»

1 маусым 2013 жылы Балқаш қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдарда Республикалық «Біз- сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» акциясы аясында, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  іс-шаралар өтті. Сағат 10.00-де көл жағасында Оқушылар сарайы, «Балауса», «Таңшолпан», «Жұлдыз», Ручеек», «Айголек», «Бөбек», «Акбота», «Алпамыс», «Ер төстік», Балдырған», «Күншуақ», № 2, 9 мектептің шағын орталықтарының шығармашылық ұжымдары қатысқан театрландырылған «Жас достар» қойылымдары көрсетілді. Көңілді клоундар мен «Мадагаскар», «Деревня лентяев» мультфильмдерінің кейіпкерлері «Әлемдегі бар балалардың мерекесі» атты  көңіл-көтеру ойын бағдарламасын дайындап, балалармен бірге би билеп, флеш-моб биледі, секіріп, ән айтып, көңіл көтерді.

Дата: 5.06.2013, 4:17 Автор: Школы и сады г. Балхаш