«Балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс – шара
Қоңырат кентіндегі «Айсұлу» мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбиеленушілеріне «Балаларды қорғау күніне» арналған 1 маусым күні сағат 10 – да мерекелік іс – шара өткізілді. Безендірілген балабақша ауласында ертегі кейіпкерлері Буратино, түлкі Алиса және мысық Базилио қатысуымен көңілді ойын – сауық бағдарлама өткізіліп, балалар мен ата – аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларға тәттілер таратылып,демеуші ата-ана Рахимберлина Сәуле ұсынған сыйлықтары үлестірілді.
Дата: 5.06.2013, 3:54 Автор: Школы и сады г. Балхаш