«Coca – Cola - Былғары доп- 2013»

«Coca – Cola - Былғары доп- 2013»

Ағымдағы жылдың 02 – 06 мамыр аралығында Абай атындағы № 2 лицей  және № 15 орта мектептің көпсалалы хоккей кортында   Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған  мектеп оқушылары арасында футболдан                        «CocaCola - Былғары доп- 2013» қалалық турнир ұйымдастырылып өткізілді. Жарыс 2000-2001 жылғы мектеп оқушылары арасында өтті.

 Турнирге қала мектептері мен мектеп-интернаттарының құрама командалары қатысты.   Барлығы 12 команда.     

Жарыстың қорытындысы бойынша келесі  жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалары анықталды.

1 орын -  № 15 орта мектеп;                                 

2 орын - № 7 мектеп-гимназия;

3 орын -  № 10 орта мектеп.         

         Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары, медалдары және сыйлықтарымен марапатталды. 

Дата: 13.05.2013, 6:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш