Алматыдан келген қонақтар

Алматыдан келген қонақтар

Сәуір айында  біздің  «Күншуақ» балабақшасына  «Хабар» агенттігі келіп , «Өзін-өзі тану» сабағына түсірілім  жасады. Сабақты  ересектер тобының тәрбиешісі  Ильчикаева О.Н  өткізді. Балалар сиқырлы бұлттармен  «Добросветие» еліне саяхатқа шықты. Саяхат кезінде  балалармен  жақсы және жаман қылықтар туралы әңгіме өткізіліп, экранда  «Жақсы деген немене, жаман деген немене» тақырыбында слайд көрсетілді. Балалар өздерінің шығармашылық  іскерліктерін  сабын көпіршіктерімен сурет салып көрсетті. Балалардың жұмыстары өте қызықты шықты.

  Одан кейін өз қиялдарымен  Лунтик пен  Дракоша жайлы ертегі  ойлап шығарып,оны көрсетілім етіп көрсетті. «Мейірімділік» сарайында балаларды патша мен патшайым қарсы алды.Бұл жерде балалар бір- біріне мадақ сөздер айтты. Сабақ аулаға серуенге шығумен аяқталды.Ол жерде балалар өз армандарын ойлап, көкке шар ұшырды. Оның артынан  жер бетіндегі барлық балаларға  жақсы тілекпен тәрбиеші тірі көгершін ұшырды.

  Балабақша меңгерушісі Мухаметжанова Зағира  Қалқамановнаны сөзге тартты.  Меңгеруші «Өзін- өзі тану бағдарламасы жас ұрпаққа  рухани- адамгершілік  білім беретінін, ,өскелең ұрпақтың өмірін, іс-әрекетін  адамгершілік заңдарына негіздей отырып, жақсы мен жаманды,ақ пен қараны ,ізгілік пен зұлымдықты саралай білуге үйрететінін атап көрсетті.

Дата: 30.04.2013, 3:30 Автор: Школы и сады г. Балхаш