«Ұлан» әскери-спорттық эстафетасы

«Ұлан» әскери-спорттық эстафетасы

  2013 жылы 24 сәуірде Балқаш қаласы оқушылары арасында  Ұлы жеңістің 68 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 21 жылдығына арналған «Ұлан» әскери спорттық эстафетасы өткізілді. Салтанатты ашылуға  Ауғанстан әскері ардагерлері, қалалық Қорғаныс бөлімі мен ҚР ҚК ардагерлері қатысты.

Команда құрамы: 9 адам (6 ер бала, 3қыз бала, 9-11 сынып оқушылары)

        Әскери-спорттық эстафета 7 этаптан тұрады:

1 этап: пневматикалық винтовкадан ату, қатысушылар нысанаға дәл тигізу үшін жарысады.

2 этап: АК-74 автоматын (30 патрон) жабдықтау. Қатысушылар тез әрі дұрыс оқжатарды оқтап, жабдықтауды көрсетеді.

3 этап: РГД-5 гранатасы макетін 15 метрлік мәреге лақтыру (3х3 айналымы)

4 этап: «Газ» командасы болған кезде  уақытқа газтұтқышты кию.

5 этап: алғашқы әскери дайындық бойынша викториналар.

6 этап:  алғашқы медициналық көмек көрсету, жарақат алған адамды 30 метр жерге апару.

7 этап: әскерилендірілген 500 метрлік кросс. Барлық команда уақытқа жүгіреді.

         Әскери-спорттық эстафетаға барлығы 146 ер балалар мен қыздар қатысты. Командалар жақсы нәтиже мен үздік әскери-спорттық дайындығын көрсетті. Әскери-спорттық эстафета қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Жалпыкомандалық 1 орынды №17 ОМ оқушылары жеңіп алды.

Жалпыкомандалық 2 орынды №18 ОМ оқушылары жеңіп алды.

Жалпыкомандалық 3 орынды №8 ОМ оқушылары жеңіп алды.

1 орынды жеңіп алған №17 ОМ командасына  әскери-спорттық эстафетаның жылжымалы кубогы тапсырылды, жеңімпаз 3 команда грамоталар, медальдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды. «Ең үздік атқыш» номинациясы бойынша №1 ОМ оқушысы В.Тен, «Үздік граната лақтырушы» номинациясы бойынша №16ОМ оқушысы О.Бүркітбай, «АК-74 автоматын  жабдықтау» бойынша №3ОМ оқушысы А.Түбеков марапатталды.

Әділқазылар мен әскери-спорттық эстафета қонақтары эстафетаның тиісті дәрежеде ұйымдастырылғанын, қатысушылардың жарыс кезіндегі жауапкершілігі мен дайындығын атап өтті. Аталған  шаралар жас қазақстандықтардың сенімділігін арттырады. Қазақстан Республикасының өркендеуі солардың қолында, ұрпақ міндеті Отанымыздың болашақтағы сенімді қорғаушысы болып өсуі.

Дата: 29.04.2013, 4:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш