«Кітаппен бірге өсеміз!»

«Кітаппен бірге өсеміз!»

11 сәуір күні жалпы білім беретін №4 орта мектебінде «Кітаппен бірге өсеміз!» атты қалалық мереке өтті. Мерекенің ұраны: «Мен әдемі бет белгімін,тәртіп үшін қажетпін, Текке ашпай әр бетті,  белгісі бар бетті оқы!»

Мектеп кітапханалары ең жақсы кітап белгісі байқауын жариялады. Байқауға бастауыш сынып оқушылары оқулықтар мен кітапқа арналған кітап белгілерінің қолдан жасалған тамаша үлгілерін әкелді. Оқушылар өз шеберліктерін танытып, ойларын жүйелі; нақты түрде бейнелеу өнері арқылы  жеткізе білді. Жұмыстардың көлемі, қолданылған материалдары әр түрлі:  кітап туралы нақыл сөздерді кестелеген, аппликация түрінде жасалған, бояуға арналған кітап белгілері, ертегі кейіпкерлері бейнеленген белгілер. Байқауға барлығы 47 оқушы қатысты. Байқауға қатысушылар:  «Өнерлі саусақ», «Шебер қолдар», «Ертегілер елінде», «Көңілді мереке», «Сиқырлы кітап белгісі», «Кітап- менің досым» номинациялары бойынша марапатталды. Байқау жеңімпаздары болып: № 17 мектептің  2 «А» сынып оқушысы Микрюкова Валентина; мектеп гимназияның 1 «Б» сынып оқушысы Украинец Милена; №4 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы Щербинин Кирилл; №7 мектеп гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Алихан танылды. Байқауға қатысушылар түрлі номинациялар бойынша қалалық білім денешынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары мен сыйлықтарымен марапатталды.   

Дата: 12.04.2013, 8:51 Автор: Школы и сады г. Балхаш