Әдеби қонақжай шақырады... «Эзоп заманынан негіз алған мысалдар»

Әдеби қонақжай шақырады... «Эзоп заманынан негіз алған мысалдар»

Мақсаты: әлемдік тарих пен әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, сауатты сөйлеуді, мәнерлеп оқуды дамыту, команда да ұйымшылдықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, моральді-этикалық өлшемдік сипаттарын қалыптастыру. 9 сәуір күні жалпы білім беретін № 8 орта мектепте әдеби-көркем қойылым  болып өтті.

Атақты  Эзоптың, Ж Лафонтентеннің, И.А. Крыловтың, С.В. Михалковтың шығармашылығының ерекшеліктерін көрсете отырып, кейіпкерлердің жасырынды мағынасын оқушылар көрермендерге жеткізе білді. Осы қойылым барысында оқушылар мәнерлеп оқи алатынын, әртістік қабілеттерін көрсете отырып, мысалдың мағынасын ашып, сатираның  мүддесін көрсетті.

Осы қойылымның ерекшелігі- С.В. Михалковтың 100 жылдығына орай  шығармашылығы атап өтілді. С.В.Михалков  сонымен қатар  Совет Одағының әнұранының  авторы  және Кремль қабырғасындағы Белгісіз солдаттың ескерткішіндегі «Атың сенің белгісіз, даңқың сенің мәңгілік»   атты сөздердің иесі.Қанша ғасыр өтсе де мысалдар өздерінің өзектілігін жойған жоқ.

Дата: 12.04.2013, 8:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш