Балалық шақтан өнерлі!

Балалық шақтан өнерлі!

2013 жылдың  06 сәуірінде Қарағанды қаласында Облыстық білім Басқармасының қолдауымен балалар шығармашылығының «Маленькая страна» атты 8-ші Облыстық сайысы өтті. Бұл сайысқа ЖММ «Дошкольник БГМК» филиалының төрт балабақшасы қатысты («Айгөлек», «Алпамыс», «Бөбек», «Жұлдыз»). Облыстың төрт ауданы мен алты қаласынан келген отыз үш сайыскер өз шығармашылығын бар өнерімен көрсетіп, облыс бойынша «ең өнерлі» атағы үшін таласты.

  Сайыстың нәтижесі барлық балқаштықтарды қуантады деп ойлаймыз:

«Вокал» номинациясы бойынша 1-ші дәрежелі Дипломмен «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушісі  Жасымбек Еркежан; «Театр модасы» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі Дипломмен «Жұлдыз» балабақшасының жас сәнгерлері  (Гужавина Ангелина, Тлеутаева Асем, Тимофеева Сабина, Рысмағамбет Ляйля, Альмухамбет Динмухамед); «Би және хореография» номинациясы бойынша 3-ші дәрежелі Дипломмен «Алпамыс» балабақшасының мың бұралған бишілері (Рихтер Наташа, Айдаргалиева Алика, Лаврина Юля, Байсеркина Мадина, Сарсенбекова Аружан, Садуова Зере) жеңіп алды.    

    Филиал әкімшілігі жоғарғыда аталып өткен балабақшалардың ата-аналарына, басқармасына, мамандары мен қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіреді, одан да жоғарғы жетістіктерге жетулеріне тілектес!

Дата: 9.04.2013, 6:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш