Тәрбиелей оқытайық.

Тәрбиелей оқытайық.

27 және 28 наурыз 2013ж. ЖММ «Дошкольник БГМК» филиалына қарасты «Айгөлек» және «Жұлдыз» балабақшаларында қазақ және орыс тілдерінде оқып-тәрбиеленетін, мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалар арасында «Зерек бала» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған ойынның мақсаты-зерек, дарынды балалармен жұмысты жетілдіру, олардың интелектуалды, жігерлі қасиеттерін дамыту. Ойынға филиалдың 7 мектепке дейінгі мекемесінен 13 тәрбиеленушілері қатысты. Ойынға қатысушылар ойынның 5 бөлімінде өздерінің зерделі, коммуникативті қабілеттерін, шығармашылық өнерлерін көрсетті: «Міне-мен!»-өзін-өзі таныстыру, «Барлығы бәрі жайында»- ой-өрісінің кеңдігін анықтау, «Әр тілде сөйлейміз», «Ойлан-тап»-матемматикалық және грамматикалық ұғымдағы тапсырмалар, «Ертегілер елінде»- ертегі кейіпкерлерін сомдап, қойылым көрсету өнері.  Ойынның жеңімпаздары:1 орын- Вишняков Иван («Таңшолпан»), Қабытай Айғаным («Ақбота»);2 орын- Рыбак Максим («Алпамыс»), Сабыр Мади («Таңшолпан»);3 орын-Лупарева Настя («Бөбек»),Аскар Айгерим («Бөбек»), аталған женімпаздарымыз осы жылдың сәүір айында Қарағанды қаласында өтетін облыстық «Зерек бала» сайысына қатысады. Балдырғандарымызға сәттілік, ақ жол тілейміз!

Дата: 9.04.2013, 6:37 Автор: Школы и сады г. Балхаш