Жұлдызды жеңіс.

Жұлдызды жеңіс.

2013 жылы 25-29 наурыз аралығында Алматы облысы Талдықорған қаласында  Республикалық балалар шығармашылығының «Әнші балапан» конкурсы өткізілді. Балқаш қаласын Оқушылар сарайының «Томирис» би ұжымы: жетекшісі (А.Т.Мусекенова) келесі құрамда Назерке Жаппарова, Акгүл Мүсілім, Калақас Жантемірова, Балауса Маулитова, Диана Уалиханова -№ 9 орта мектеп оқушылары, Айнур Багисова -№18 орта мектеп, Нурай Касенова-№8 орта мектеп оқушылары ұсынған болатын.

Әділқазылар назарына 2 би композициясы:қазақ биі «Арулар», ұйғыр биі «Шаттық» ұсынылды. Құзырлы әділқазылар  біздің қыздарымыздың биін жоғары бағалап, «ТОМИРИС» би ұжымына 1 жүлделі орынды берді.

Бұл үлкен жетістік, жұлдызды жеңіс болды. Бұл Оқушылар сарайының ғана емес, Балқаш қаласының мәртебесін арттырған үлкен жеңіс болды. Оқушылар сарайының балалары ұжымы атынан «Томирис» би ұжымы мен оның м жетекшісі Айнур Талгатовна Мусекенованы құттықтаймыз!

Дата: 3.04.2013, 3:44 Автор: Школы и сады г. Балхаш