Пікірталастан шындық туындайды

Пікірталастан шындық туындайды

2013 жылы 30 наурызда Балалар мәслихаты мен «Алаш азаматтары» қоғамдық емес ұйымының қолдауымен дебат турниры өткізілді. Дебат резолюциясы: «Болашақта Қазақстандағы моноқалалардың дамуы».  Дебат 2: Америкалық парламент және Линкольн-Дуглас форматымен өткізілді. Әділқазылар алқасына «Қазақмыс» Корпорациясы политехникалық колледжінің «Жұлдыз» дебат клубы студенттері лигасы  дебат клубының жетекшілері мен дебатшылары қатысты.

Қазақ лигасы бойынша 1 орында №16 орта мектептің «Бәйтерек» командасы, 2 орынды № 8 орта мектептің «Жұлдыз» командасы, 3 орынды Абай атындағы № 2 лицейдің «Сана» командасы мен № 15 орта мектептің «Жаңа ғасыр қыраны» командалары иеленді. Қазақ лигасында ең үздік спикер болып № 8 орта мектептің оқушысы Серік Жамбыл танылды. Орыс лигасында 1 орынды №1 орта мектептің «Максимум» командасы, 2 орынды қалалық гимназияның «Арғымақ» командасы иеленді. Орыс лигасында ең үздік спикер болып қалалық гимназияның оқушысы Бекмухамбетов Азамат танылды.

Дата: 3.04.2013, 3:27 Автор: Школы и сады г. Балхаш