ФЕСТИВАЛЬ ОТКРЫТЫХ УРОКОВ

ФЕСТИВАЛЬ ОТКРЫТЫХ УРОКОВ

2013 жылдың 15 наурызы күні № 18 қазақ орта мектебінде 6Ә кадет сыныбында “My Plans for Future ” тақырыбында ашық сабақ өтті.Ашық сабақта ағылшын тілі мұғалімі Бигельдина Зауре Сейтказымовна өткізді. Сабақ барысында компьютер, интербелсенді тақта, электронды оқулық, дидактикалық-таратпа материал, суреттер, трек сызбалар , тақырып бойынша слайд қолданылды. Сабақта қолданылған тапсырмалар оқушының қабілеттеріне байланысты және жас ерекшеліктеріне сай берілді. Сабақта орыс және қазақ тілдерімен пән аралық  байланыс болды. Сабақ барысында мұғалім оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырып, фонетикалық жаттығу жасалды,үй жұмысы тексеріліп бөлім бойынша гамматикалық шақпен жұмыс жүргізілді, тыңдауға арналған мәтін бойынша тапсырмалар орындалды.  Сабақ соңында  оқушылар сурет көрмесі бойынша өз болашағына құрған жоспарларын жоба  ретінде қорғады. Мұғалім берілген уақытты дұрыс пайдаланып, қойылған мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, ағылшын тілінен өте жақсы білімдерін көрсетті.

Дата: 18.03.2013, 5:45 Автор: Школы и сады г. Балхаш