КМҚМ МДМ «Ручеек» балабақшасы 8 наурыз аналар мерекесіне арналған үш күндік

КМҚМ МДМ «Ручеек» балабақшасы 8 наурыз  аналар мерекесіне арналған  үш күндік

«Ручеек» балбақшасында  04 \ 06 наурыз аралығында 8 наурыз  аналар мерекесіне арналған  үш күндік болып өтті. Бірінші күні балалар әдебиет қонақ жайында болып, аналар мен әжелерге арналған тақпақтарды үш тілде  оқып берді. Одан кейін балалар  ғажайып ертегі әлемінде болып, «Золушка» ертегісін ересектер тобының балаларының орындауында тамашалады. Екінші сәбилер тобының және естиярлар тобының балалары үшін тәрбиешілер «Ана\ әлемдегі  ең жақсы  адам » тақырыбында ертеңгілік өткізді. Онда балалар қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде тақпақ,өлеңдер айтып,ойын ойнап ертегі кейіпкерлерінен сыйлықтар алды.

Үш күндіктің соңғы күні ересектер тобында  «Көңілді ноталар» атты ертеңгілік болды. Онда балалар  өз аналары мен әжелерін құттықтап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.

Дата: 11.03.2013, 9:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш