"Жүректердің тірі естелігі"

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің кезекті «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында қазақстандық патриотизмге ерекше назар аударады: 2050 жылға дейін  әрбір қазақстандық өзінің ертеңгі күні мен болашағына сенімді болатындай патриоттық жүйе орнату керек. Біздің өзімізді, балаларымызды жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуіміз керек. Бұл бірінші кезекте еліміз бен оның жеткен жетістігі үшін мақтаныш.

2013 жылы 21 ақпанда  патриоттық тәрбие беру мақсатында  Оқушылар сарайында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жастар ұйымының мүшелері мен ауған әскери интернационалистерімен, Ауғанстаннан әскерді шығарған күнге арналған кездесу ұйымдастырылды.  «Ауғанстан соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің әскери бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Б.М.Мухамедиев сонау киын кездері оның әскери жолдастарының ерлік, беріктік, қайырымдылық көрсете отырып, өз үйлерінен отаннан жырақ жерде, сағат сайын бастарын өлімге тіге отырып, өздерінің әскери антқа адалдығын сақтай білгенін, әскери және адами міндеттерін адал орындағанын әңгімелеп берді.

Ауғанстан соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің әскери бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Б.М.Мухамедиевтың сөзі

№16 орта мектебі іздеу тобының мүшелері: Тұрғанова Назым, Саденова Маржан, №18 орта мектептің іздеу тобының мүшелері: Ноғайбекова Гулдаурен, Жұмағали Алтынай, интернационалист әскерлер Манатбеков Айбек Анатолий Антонов, Самат Нургалиевтың Ауғанстандағы ерліктері жайлы әңгімелеп берді.

Дата: 27.02.2013, 8:57 Автор: Школы и сады г. Балхаш