Оқыта отырып , үйренеміз.

Оқыта отырып , үйренеміз.

2013 жылы 21 ақпанда Абай атындағы №2 лицейде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдерімен кездесу өтті.  Кездесуге Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорының оқу әдістеме жөніндегі  орынбасары Контаев С.С,Академиялық бөлімнің  маманы,үш айлық жаңа форматтағы курстың кураторы і Жүнісова Ш.Т, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Айнабекова Ж.С, әдіскер Асемханова Г.Б және де директордың курс жөніндегі орынбасарлары қатысты. 2012 жылы 10 қыркүйек пен 24 қараша аралығында 3 айлық курстан өткен  Балқаш,Ақтоғай,Приозерск өңірінің мұғалімдеріне салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды. Ақпан айында жаңа форматтағы курсқа баратын мұғалімдер де қатысып, алдағы жұмыстарына міндеттемелер алды.

Дата: 26.02.2013, 9:21 Автор: Школы и сады г. Балхаш