„Оқушылар сарайы“ коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

„Оқушылар сарайы“  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Оқушылар сарайының үйірмелеріне  20 қосымша білім беру педагогтары жұмыс істейтін 1149 бала қатысады.

«Лидер» клубы

    2011 жылдың 03 желтоқсанынан  бастап Балқаш қаласында өскелең ұрпақты Отандық патриотизмге, қазақстан халқының тарихына, мәдениетіне, төзімділігіне, бітімгершілігіне, білімге ұмтылу мен өзін-өзі кемелдендіруіне, жоғары жауапкершілік сезіміне, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен келешегіне  адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмыс істейді.

 «Жас Ұлан»  қалалық ұйымының мүшелері жалпы мектеп жиындарында ақпараттармен шығатын ақпараттық-насихаттаудың белсенді қатысушылары, стенділер безендіреді, «Радио бәріне» бағдарламасында өз жұмыстары жайлы әңгімелейді, «Жас ұлан» мектеп ұйымдарының жұмысын қала БАҚ беттеріне жариялайды. Бүгінгі күні «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарында 5-9 сынып бойынша-5389, «Жас қыран» ұйымында 1-4 сынып оқушылары бойынша 3962 бала бар.

Балқаш қаласының балалар мәслихаты 2011 жылдың 1 наурызынан бастап, «Балқаш қаласы-балаларға мейірімді қала» жобасы аясында құрылған.  Балалар мәслихаты- жастардың азаматтың бастамасының дамуы мен қолдауы, онымен жұмыс істеудің келешектегі әдістерінің механизмі.  Балалар мәслихаты депутаттары келесі қалалық іс-шаралардың тікелей ұйымдастырушысы әрі қатысушылары болып табылады: парустық яхталар парады, «Азаматты ғылым қоғамдык» әлеуметтік жобасының, қалалық экологиялық акциялар, «Жас ұлан» әскери-спорттық  ойындар, ток-шоулар. Балалар мәслихаты- мықты азаматтық ұстаным мен өз ойын білдірудің үздік алаңы.

Дата: 13.02.2013, 10:03 Автор: Школы и сады г. Балхаш