«Души прекрасные порывы»

«Души  прекрасные  порывы»

Мектебімізде  1-ақпанда  А. С. Пушкиннің  шығармашылығына арналған  «Души    прекрасные порывы…»атты әдеби кеш  өткізілді.

А.С. Пушкиннің «Цыганы», «Осень» поэмаларынан үзінді, слайд фильм дайындалып көрсетілді,  оқушылар сыған биін,  «Капитанская дочка» үзіндісінен инсценировканы  ерекше орындап шықты.  Көрермендер  үлкен сүйіспеншілікпен қызықтады. Әдеби кештің барлық қатысушылары, яғни атап айтқанда 7 «А», 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін, ынталарын таныта білді. Кейбір оқушылар көп көрерменнің алдына бірінші рет шығып отыр.7 «А» сынып оқушылары сыған биін керемет орындап шықты.  Әдеби кеш өте қызықты, тартымды өтті. Көрермендер 19-ғасырдың атмосферасын түсініп, назар аударып тыңдады. Ұзақ дайындықтар, балалардың  қорқыныш сезімі, бәрі, бәрі артта қалды. Тек жеңіске жету ынтасы болды.   Әдеби кештің барлық қатысушылары өздерінің қатысқандарынан үлкен ләззат алды, ешкімнен қорықпай, өз қабілеттерін көрсетіп, дәлелдеп берді.  Барлық көрермендерді 8 «А» сынып оқушысы Қойшина Шұғыла өзінің жіңішке, әдемі дауысымен  баурап алды. Балалар берілген рөлдерін жақсы орындап шықты. Балаларымызға тек жақсылық, шығармашылық табыстар тілейміз!

   

Дата: 13.02.2013, 4:29 Автор: Школы и сады г. Балхаш