Қысқы қызықтар

Қысқы қызықтар

Күншуақ» балабақшасының ересектер топтарында  «Қысқы ермек» атты спортты мерекелік шара өткізілді. Балалардың көңіл-күйін орыс ертегілерінің кейіпкері  Күлдіргіш көтерді. Мерекеге  Мыстан кемпір «ұшып келіп», балалар оған дене шынықтыру жаттығуларын жасауға үйретті, көңілді, қызықты өлеңдер айтып, қармен қызықты ойындар ойнады. Балалар оған өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін көрсетті. Мыстан кемпір өзінің сиқырлы өнерін көрсетіп, қарды тәтті зефирге айналдырып, балаларға тарту етті. Мерекелік шара соңында балаларға денсаулық тілеп, ешқашанда ауырмауларын өтінді.

Дата: 13.02.2013, 4:12 Автор: Школы и сады г. Балхаш