№8 орта мектебінде «1 – желтоқсан-Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің» күніне орай қалалық шахматтан өткізілген жарыстың ақпары

№8 орта  мектебінде   «1 – желтоқсан-Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің»  күніне орай  қалалық шахматтан өткізілген жарыстың  ақпары

 

2012 жылы желтоқсан айының 1 – жұлдызында  «1 – желтоқсан-Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің»  күніне орай қалалық «Ақ ладья» атты шахмат турнирі болды. Турнирге №3, 7, 8, 9, 10, 15, 16, 18, 24, 25 қала мектептері, №2 мектеп интернаты, №2 Абай атындағы лицей, гимназия командалары толығымен қатысты.

Турнирдің ашылуы қала әкімінің орынбасары Данияр Серікұлы Манамбаев, қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Г.Ж.Ағдарбекова, қатар қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының орынбасары А.К.Қуанышбаев, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ф.М.Рахимовтың қатысуымен өтті.  Мерекелік құттықтау сөз алған қала әкімінің орынбасары Данияр Серікұлы Манамбаев биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтіліп жатқан мерекенің маңызын айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

 

Келесі сөз құттықтау сөз кезегі шахмат турнирінің бас төрешісі,  ҚР – на еңбек сіңірген жаттықтырушы Алимжанов Ерғазы Аубакирұлына беріліп, шахмат турнирінің шарттарымен таныстыра отырып, шахматтың шығу тарихы жөніндегі ақпараттармен толықты.

Турнир жоғары деңгейде  өтіп, нәтижесінде Жалпы білім беретін №8 орта мектеп командасы І орын иеленіп, кубок, мадақтамамен, марапатталыса, ІІ орынды №7 мектеп – гимназия, ІІІ орынды Абай атындағы №2 мектеп – лицейі қанжығасына байлады.

Дата: 6.12.2012, 11:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш