Жас мұғалім мектебі

Жас мұғалім мектебі

 

26 қараша күні №17 ОМ базасында  шет тiлінің жас мұғалiмдерi үшiн «зерек балалармен жұмыс үлгiсi» атты қалалық үйретушi семинары өтті. Мектеп деңгейінде заманауи білім берудегі мәселелерді тиімді шешу тек қана оның дамуын бағдарламалық мақсатымен басқаруда, сабақты және қосымша білім беруді жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік бере отырып, білім беру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Дарынды балаларды дамыту үлгісі - қабілетті балалардың дамытудағы тұжырымдамасын қалап, бағыт, мақсаттарын, сонымен қатар әрекет жоспарын жасауға көмектеседі және оның мектепте оқыту мерзімінде кезең-кезеңімен өңделуін жүзеге асырады.

Семинардың мақсаты:

Мұғалiмдер  тәжірибелерімен алмасу арқылы дарын балалардың сәйкес қабiлеттiлiгін анықтап, дарынды балалардың өз бетімен істерін жүзеге асыруда, өз тағдырын өзi кәсiби шешуге қолдау көрсетіп, сонымен қатар зерек оқушылардың оңтайлы дамуына жағдай туғызу.

Дарынды балалармен жұмыс үш бағытта қарастырылды:

1.Оқушылардың ғылыми жобалары

2.Әртүрлі деңгейдегі мектепішілік олимпиадаларға дайындау.

3.Дистанциялық байқаулар.

Семинардың жаттығу бөлімінде қалалық гимназияның оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.  шет тілі мұғалімдерінен құралған көрермендер алдында №17 орта мектеп психологы оқытудағы барлық қиындықтарды әшкерелей отырып, дарынды балалармен жұмысындағы оңтайлы мүмкіндіктерді айтып, сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс жасағанда қажет болатын түрлі нұсқаулықтарды ұсынды. Семинардың барлық қатысушыларына «Мектеп психологының кеңесі» деген естеліктер және «Дарынды балалармен жұмыс үлгісі» тақырыбында бүктемелер табыс етілді.

Дата: 28.11.2012, 4:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш