Арман! Еңбек! Сенім!

Арман! Еңбек! Сенім!

16 ноября 2012 года в городе Астана  прошел ІІсъезд молодежного крыла «Жас Отан» НДП «Нұр Отан» с участием Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева. Глава государства в своем выступлениизатронул вопросы, которые волнуют казахстанскую молодежь. В первую очередь, это вопросы трудоустройства, жилья для молодых специалистов.

«Жас Отан»  жастар қанатының  ІІ съезіне ТМД елдерінен, барлық аймақтардан 1000 делегат, 7,5 мың қатысушы келді. Қарағанды облысы бойынша делегат саны 111 болды, шақырылғандар саны-48. Балқаш қаласынан 5 делегат барды: Жанпейсов Ергулан- «Жас Ұлан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, Аринов Ернат- «Балалар мәслихаты» әлеуметтік жобасының жетекшісі, Амирхан Арнур- балалар мәслихатының хатшысы, Смагулов Арман- «Жас Отан» жастар қанаты қалалық кеңесінің мүшесі, Алейникова Елена-«Жас Отан» жастар қанаты қалалық кеңесінің мүшесі.

«Съездің басты мақсаты-«Жас Отан» жастар қанаты 2020 жылға арналған стратегиясын талқылау.

Съезд делегаттары «НұрОтан» ХДП-сы төрағасының бірінші орынбасары Бакытжан Сагинтаевпен, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асет Исекешевпен кездесті. Жастар стратегиясының қорытынды талқылауы еліміздің саяси-экономикалық өмірінде жастар қанатының елімізде жастар саясатының дамуына зор  әсерін тигізетінін дәлелдеді.

«Жас Ұлан» жастар қанатының атқарушы хатшысы-Сыздыков Нурлан Балқаш қаласының делегаттарымен бірге.

Қарағанды облысы филиалы  бойынша «Нұр Отан» ХДП-сы төрағасының бірінші хатшысы Х.Б.Оспанов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.О.Жылбаев Балқаш қаласының делегаттарымен бірге.

Кездесу ІІ съезд делегаттарының «Жас Отан»  жастар қанатының, Қазақстан жастарының « Біз Қазақстан жастары, барлық білімімізді және күшімізді еліміздің дамуына жұмсаймыз» сөздерімен аяқталды.

Дата: 22.11.2012, 9:35 Автор: Школы и сады г. Балхаш