Балқаш дебатерлерінің жеңісі

Балқаш дебатерлерінің жеңісі

 

2012 жылдың 19-21 қазан күндері Семей қаласында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң униврситеті ректоры кубогына республикалық дебат турнирі өтті. Турнирдің мақсаты – Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын негізге ала отырып, интеллектуалдық белсенділікті дамыту, ораторлық өнерді шыңдау, патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру, құқықтық тәрбиені дамыту, дебатқа деген қызығушылықты ояту.

Турнирдің ұйымдастырушылары «Пікір-сайыс клубтарының бірлестігі» қоғамдық қоры және «Асыл арна» пікірсайысшылар клубы. 

Бұл турнирге Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Көкшетау, Екібастұз қалаларынан келген Қазақстанның үздік пікір-сайысшылары қатысты. 

Балқаш қаласының намысын №9 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Оразхан Ақбота, №8 орта мектебінің 10 А сынып оқушылары Көрпетай Аяулым мен Балташева Шырын, гимназияның 10 Б сынып оқушысы Абдирбаева Алина, №4 орта мекткптің 9 В сынып оқушылары Тукбаев Ролан мен Жанпейісов Рамазаннан кұралған топ қорғады. Команданы турнирге дайындаған КМҚК «Оқушылар Сарайы» жанынан құрылған қалалық дебат клубының жетекшісі Аринов Е.А. республикалық турнирдің бас төрешісі Муратбекқызы А. шақыруымен турнирдің құрметті қонағы және төрешісі болды.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті ректоры кубогына өткізілген республикалық дебат турниріне қазақ лигасында 46 топ, ал орыс лигасында 36 топ қатысты. Екі күндік тартысты ойыннан кейін төрешілер алқасымен үздік топтар анықталды:

Қазақ лигасында I орын -  «Жұлдыз» тобы Балқаш қаласы

IIорын–«Ай мен Рай» тобы Қыздар педагогика университеті   

Алматы қаласы

 III орын – Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Астана қаласы

Орыс лиасында I орын – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласы

II орын–Гуманитарлықколледж Өскемен қаласы

III место – «Звезда» тобы Балқаш қаласы

«Турнирдің үздік спикері» болып №8 орта мектебінің оқушысы Балташева Шырын анықталды.

Қалалық дебат клубының жетекшісі Аринов Е.А. «Турнирдің үздік төрешісі» құрмет грамотасымен марапатталды.

Дата: 15.11.2012, 6:47 Автор: Школы и сады г. Балхаш