«Сиқырлы күз»

«Сиқырлы күз»

 

Қараша айының алтыншы жұлдызында «Балдырған» балабақшамызда  ересектер тобының қатысуымен «Сиқырлы күз» атты ертеңгілік өтті.

Балалар ата-аналарының алдында өздерінің өнерлерін  ортаға салды. Қазақ ақындары жылдың әр мезгіліне: «күз жомарт», әдемі бояуларға толы күз мезгіліне тақпақ, өлеңдер арнаған. Ертеңгілікте осы күз мезгілі жөнінде тақпақтардан жарыс түрінде өтті.

Балалардың орындауындағы  «Қолшатырлар», «Тамшылар», «Жапырақтар» биі өте сәтті болды.

Мереке ертегі кейіпкерлерінің алып келген ойындары: «Көкөніс пен жеміс», «Жапырақ жинау» ойындары балалар үшін өте қызықты болды. Ертеңгілік балаларға тәтті сыйлықтар үйлестірумен аяқталды.

Дата: 9.11.2012, 9:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш