Футболдан қала әкімінің Кубогіне арналған турнирдің марапаттау қорытындысы бойынша ақпарат.

Футболдан қала әкімінің  Кубогіне арналған турнирдің марапаттау қорытындысы бойынша ақпарат.

 

2012 жылдың 1 қараша күні № 3 мөлтек аудандағы спорт алаңында футболдан қала әкімінің Кубогіне арналған турнирдің марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне қала әкімі Н.Е. Әубәкіров, қала әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдабаева, «Нұр Отан» ХДП Балқаш қалалық филиаланың бірінші орынбасары Б.М. Секербекова, қала мектептерінің директорлары, спорт ардагерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Ісшара «Арлан» және «Ер Ардагер-Бахыт» спорт ардагерлері арасындағы футболдан жолдастық кездесуден басталды. Кездесу 3:2 есебімен «Арлан» командасының жеңісімен аяқталды.

Қала әкімі сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында: 3-ші орын гимназия, 2-ші орын № 15 орта мектеп және 1-ші орын № 18 орта мектеп, колледждер мен кәсіптік лицей студенттері арасында: 3-ші орын Балқаш көпсалалы коллдежі, 2-ші орын Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі, 1-ші орын «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі, дене шынықтыру ұжымдары арасында: 3-ші орын «Жастар-барыс», 2-ші орын «Қоңырат», 1-ші орын «Арлан» командалары марапатталды.

Барлық жүлдегер және жеңімпаз командалар мүшелеріне медальдар тағылып, әкімнің грамоталары берілді. Сонымен қатар, жарыста жеңімпаз болған № 18 орта мектеп, «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжі және «Арлан»  командаларына 100000 теңгелік сертификат пен қала әкімінің Кубогі тапсырылды.

         

Дата: 6.11.2012, 6:31 Автор: Школы и сады г. Балхаш