«Жалпы білім беретін типтік мектеп – интернатындағы негізгі дінтану пәнінің берілуі»

«Жалпы білім беретін типтік мектеп – интернатындағы  негізгі дінтану пәнінің берілуі»

 

2012 жылдың 25 қазанында Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп – интернатында  « Әлемдік діндер тарихына»  арналған қалалық семинар,   баспасөз конференциясыөтті.Семинарға ҚББ мамандары, қала мектептерінің  тарих мұғалімдері, мектеп -  интернатының әкімшілігі, аталмыш мектептің  8-9 сынып оқушылары қатысты.

Семинар 2 бөлім бойынша өтілді: теориялық және практикалық.

Бірінші  бөлім практикалық бөлім:

«Әлемдегі дінтану негіздері. Буддизм. Христандық.Ислам».

Бұл тақырыптарды дінтану мұғалімі В.И.Богуславский өткізді.

Сабақ дәстүрден тыс форма түрінде баспасөз – конференциясы сабақ ретінде өтті. Әр дін өкілдерінің тұсаукесері өтті, яғни (слайд – фильм түрінде). Одан кейін  бұқаралық – ақпарат құралдарының өкілдері әр дін өкілдеріне сұрақтар қойды, бұл сабақты қорытындылау түрінде жауап алынды.

Мысалы:

-Аталмыш дінде қандай түс басым және неліктен?

-Ислам өкілдеріне музыка тыңдауға бола ма?

-Христиан  дінінде қорықтар бар ма? т.б.

- Қазір елімізде қанша мешіт бар?

- Мешіт дегініміз не?

Сабақ соңында  В.И.Богуславский дәстүрлі дінтанудың барлығы ол біреу, яғни, ол адамдарды сүю, үлкендерді құрметтеу, ұрлық жасамау,  көргенсіз болмау деп өз ойымен сабақты қорытындылады.

Дінтану негіздері  пәнінің оқытылуы жайлы ақпарат екінші бөлімінде   тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Б.С.Бимбетова баяндамасында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 3 қарашасындағы №511 бұйрығы, бойынша бекітілгендігі жайлы сөз болды.

Мектебімізде «Дінтану негіздері» атты сабақ факультатив есебінен өткізіліп жатыр. Дүние жүзі халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетінің бір саласы – дінтану. Дінтану ғылымы – діннің пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсері, қоғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегі орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегі алатын маңызы жайлы мәселелерді зерттейді. Оқулықтар қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Жалпы бұл пәнге оқу бағдарламасы бойынша 34 сағат бөлінген. Аптасына 1 сағаттан. Оның 12 сағаты Ислам дініне арналған. Оқулықтағы негізгі бөлімі әлемдік діндерге арналған, олар – будда, христиан, және ислам діндері.  Бұл факультатив сабағының өткізілуі туралы өз тәжірбиесімен бөлісті.  Негізгі дінтану оқулығы әдістемелік жинақтама болып табылады, бұдан басқа мұғалім дінге байланысты сұрақтарға Білім және ғылым министрлігінің бекіткен қосымша әдебиеттері пайдаланылады.Анықталған тақырыптарды үйрену барысында тесттер, көрнекті материалдар, слайд- фильмдер, ресурстар  қолданылады.

Дата: 30.10.2012, 9:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш