Мұғалімдер күнін өткізу туралы ақпарат

Мұғалімдер күнін өткізу туралы ақпарат

 

2012 жылдың 05 қазанында М.Хамзин атындағы Мысшылар сарайында Мұғалімдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Аталған жиынға қала әкімінің орынбасары Б.К.Молдабаева, мәслихат хатшысы  К.Рахимберлина бастаған депутаттар, «Казахмыс смэлтинг» ЖШС директоры М.И.Аубакиров, мектеп мұғалімдері, білім саласы ардагерлері, жас мамандар қатысты.

Қала мектептері мұғалімдеріне 40-тан астам грамота мен алғыс хаттар тапсырылды, 29 жас маман өз тағдырларын балалармен біріктіруге ант берді.

Салтанатты жиын мерекелік концерт және қала мұғалімдеріне арналған от шашумен аяқталды.

Дата: 11.10.2012, 10:15 Автор: Школы и сады г. Балхаш