Балқаш қаласында 1 маусым- «Балаларды қорғау» күні мерекесі өтті

Балқаш қаласында 1 маусым- «Балаларды қорғау» күні  мерекесі өтті

 

Халықаралық  балаларды қорғау күні мерекесін ұйымдастыру барсысында өскелең  ұрпақты адамгершілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке  тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

23.05- 26.05. 2012 жыл аралығында Оқушылар сарайы мен Өнер мектебінде «Өмір гүлі» айдарымен қалалық суретшілер және көркемсөз конкурстары ұйымдастырылды.  Аталған таланттылар фестиваліне  1110 оқушы қатысты.  Қазылар алқасына қалалық ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі қызметкерлері шақырылды. Жүлдегерлерге марапаттаулар мен құнды сыйлықтар тапсырылды.

1 маусым 2012 жылы Мағауия Хамзин атындағы Мысшылар сарайының алаңында 850 мектепке дейінгі мекемелер балаларының қатысуымен«Пусть детство звонкое смеется!» атты театрландырылған мереке өткізілді. Мерекеге қала әкімі Н.Аубакиров, қалалық мәслихпттың хатшысы К.Рахимберлина, қаланың құрметті азаматтары, мектепке дейінгі білім беру ісінің ардагерлері, мекеме, кәсіпорын басшылары, ата-аналар қатысты.

Бұл күні барлық білім беру мекемелерінде мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдардың ашылу салтанаты өтті. Балалар үшін бұл күн мерекелік ойындар, экскурсия ұйымдастырылады.

Мысшылар сарайының алаңында мектеп жанындағы лагерь балаларының қатысуымен  «Менің туған қалам!» атты асфальтқа сурет салу конкурсы ұйымдастырылды.

Қалалық «Реактив» орталығы қаланың қоғамдық орындарында «Балқаш- балаларға мейірімді қала» жобасының іске асырылуы жайлы, Балалардың құқықтары туралы Конвенцияның, Қазақстан Рсепубликасының Конституцич\ясының балалардың құқығына қатысты ақпараттық листовкалар таратты. 

№2 санаторлы-типті мектеп-интернатында Балалардың құқығын қорғау күні мен жазғы сауықтандыру мерзімінің ашылуына негізделген концерт ұйымдастырылды. Аталған шараға 90 адам қатысты. Концерт аяқталысымен қатысушылар мерекелік асқа отырды.

№2 жалпы типті мектеп интернатында мерекелік концерт пен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Аталған шарадан соң 100 балаға арналған мерекелік ас дастарханы жайылды.

1 маусым күні «Синема» кинотеатрында тегін балаларға арналған мультфильм мен балалар фильмі көрсетіледі. Сонымен бірге, көл жағасындағы балалар атракционы тегін жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, апта бойы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап, Бектауатаға саяхат пен «Жүректен жүрекке» акциясы ұйымдастырылады.

Дата: 1.06.2012, 10:17 Автор: Школы и сады г. Балхаш