«КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ-2012» САЙЫСЫНЫҢ ЖЕНІМПАЗЫ.

«КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ-2012» САЙЫСЫНЫҢ  ЖЕНІМПАЗЫ.

 

Мамырдың 26-сы күні Қарағанды қаласында «Кішкентай ханшайым-2012» сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – талапты балаларды анықтап, оларға жан-жақты қолдау көрсету,салауатты өмір сүруге ынталарын арттыру, қарым-қатынасты нығайтып,әрі қарай дамуына ықпал ету.

Сайыс әр жастағы топтар арасында өтті: кішілер тобы – 3 жастан 6 жасқа дейін, естиярлар тобы – 7 жастан 10 жасқа дейін. Сайыс екі номинация бойынша көрсетілді. «Ханшайымдар шеруі- сәнді көйлектер дефилесі», «Шығармашылық сайыс», онда қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Осы сайысқа «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушісі Төлеуханова Алуа қатысып, жеңімпаз атанды.  Толеуханова Алуа бірінші дәрежедегі дипломмен марапатталып, «Сән  аруы» номинациясына ие болды. Сонымен қатар бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Дата: 1.06.2012, 9:04 Автор: Школы и сады г. Балхаш