Балқаш қаласы бойынша «Соңғы қоңырау» мерекесінің өткізілуі.

Балқаш қаласы бойынша «Соңғы қоңырау»  мерекесінің  өткізілуі.

 

2012 жылдың 25 мамыры сағат 11.00-де М.Хамзин атындағы Мысшылар  сарайының алаңында  11 сынып оқушыларының мектеп бітіруіне  арналған  салатанатты  жиын өтті. Жиынға қала  басшылары, қала әкімдігі, бөлімдерінің, мемлекеттік мекеме басшылары, білім  ардагерлері, БАҚ және телехабар өкілдері қатысты.

Сол күні барлық білім беру мекемелерінде қала әкімдігі бөлімдерінің, мемлекеттік мекеме басшылары, білім  ардагерлері, БАҚ және телехабар өкілдері қатысқан оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өткізілді.

Биылғы оқу жылын 302 түлек бітірмекші.

Білім бөліміне жиынның өтілу сценарийлері өткізілді. Сценарийлер өзіндік ерекшеліктерімен, инновациялық технология (компьютерлік, мультимедиялық, экрандар) қолдануымен көзге түті.

Мектеп бітірушілер салтанаты  өзіндік ерекшеліктерімен көрінді:  түлектерге түрлі номинациялар берілді, медальдермен марапаттап, жыл бойына ерекше көзге түскендерге түрлі әзілді сыйлықтар ұсынды.

Мектеп бітірушілерді 1 сынып оқушылары құттықтап, олар жайлы өлеңдер оқып, естеліктер сыйға тартты.

Мерекеде мұғалімдер, ата-аналар, сынып жетекшілері қатысты, келесі эстафетаны 10 сынып оқушылары  қабылдап алды.

Мереке түлектердің мектеп вальсін орындауымен аяқталды, келесі кезекте барлығы сынып сағаттарына шақырылды.

Дата: 28.05.2012, 11:56 Автор: Школы и сады г. Балхаш