«Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры
«Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры
Қалалық гимназияда «Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры болып өтті.Ойынды қонақ ретінде көруге №3мектеп интернат оқушылары шақырылды.Жоғары арепогта қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінен:Асемханова Г.Б,№3 мектеп-интернаттан аға мұғалім Богуславский В.И,қалалық мұражайдан аға ғылыми қызметкер Қожақов Д.А төрелік жасады.Ойын екі агонга бөлінді. Бірінші агонда барлық мектеп оқушыларына сұрақтар қойылып,ең көп медаль алғандардың ішінен 3 оқушы алға шықты.
Сұрақтар қаламыздың 75 жылдығына және Д.А Қонаевтың,М.П Русаковтың 100 жылдығына арналды. Қалалық гимназия,№10,№17 орта мектептің оқушылары екінші кезеңге өтіп,жоғары нәтижелерге жете білді. Нәтижесінде қалалық гимназия оқушысы Алибеков Ельдар бірінші жүлделі орынға шықты.
2 ші орында №17 орта- мектеп оқушысы Власова Валерия ,3 ші жүлделі орынды №10 орта мектеп оқушысы Дюсембаева Аяулым жеңіп алды.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар беріліп,дипломдар тапсырылды.
Командалық есепте бірінші орында №17 орта-мектеп,екінші орында қалалық гимназия,үшінші орында №10 орта-мектеп екендігі анықталып,мақтау қағаздары табысталды.
Келесі ойын №17 орта мектепте өтетіні ескеріліп,тапсырмалар берілді.
Дата: 27.02.2012, 11:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш