2020 жылғы 07-13 қыркүйектегі жоспар бойынша іс-шаралар туралы ақпарат
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы құндылығын, достығын дәріптеу, отбасы мүшелерінің бір – біріне деген сүйіспеншіліктерін, сыйластықтарын арттыру мақсатында Отбасы күніне орай «Оқушылар сарайы» КМҚК – ның ұйымдастыруымен:
2020 жылдың 7-10 қыркүйек аралығында «Отбасыммен мақтанамын» фотоколлаж байқауы өтті. Қатысушылар өз отбасыларының фото суреттерімен бөлісіп, отбасылық бақытты сезімдерін көрсетті. Байқауға қала мектептерінен 61 оқушы қатысты.
7-12 қыркүйек аралығында қашықтықтан қалалық «Менің бақытты отбасым» презентация байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 20 оқушы қатысты.
9 – 13 қыркүйек аралығында «Менің отбасым – менің тірегім» шығармашылық отбасылық челленджі өтті. Байқауға қала мектептерінен 15 оқушы қатысты. Отбасы мүшелерімен отбасылық 1 минуттық түсірілген бейнероликтерімен бөлісті.
8-11 қыркүйек аралығында «Отбасым-бақыт мекенім» бейнеролик байқауы өтті. Байқауға 5 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты балалар шығармашылығының белсенділігін қолдау және ынталандыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау болды. Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен мадақталарға ие болды.