ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШТЫҚТАР!
2020 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: әлеуметтік-осал топтағы балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу: оқулықтар, жазу құралдары, аяқ киім, киім-кешек сатып алу.
"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ қала тұрғындарын, ұйым басшыларын, жеке кәсіпкерлерді акцияға қатысуға шақырады.
Акцияны өткізу туралы қосымша ақпаратты 4-62-36 телефоны арқылы алуға болады.
Заттарды қабылдау пункттері: Уәлиханов көшесі, 5, 2 қабат, № 12 кабинеттер, "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ.
Дата: 28.07.2020, 17:09 Автор: Школы и сады г. Балхаш