Халықаралық ғылыми практикалық конференция

2019 жылдың 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Edustream» білім компаниясы ұйымдастыруымен «XXI ғасырда көптілді білімді дамытудың және білім дағдыларын қалыптастырудың рөлі» тақырыбында Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. 
Конференцияның бірінші және екінші секциясында шетел тренерлері Пеннер Н., Дженни Долли және Терентьева Н.А., Садырбаева Д.У., Божко Е.В. ағылшын тілінде тренингтер өткізді.
Конференцияның үшінші секциясында «Үштілді білім беруге көшу» аясында Қазақстандағы «Express Publishing» арнайы өкілі жаратылыстану циклі пәндері мұғалімдеріне арналған байқауының жеңімпаздарын марапаттады. 
Республика бойынша, байқауға 1000 астам пән мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар арасынан ағылшын тілінде "Ең үздік видеосабақ фрагменті" дайындаған,В.Маяковский атындағы №17 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Е.А.Султанова 3 дәрежелі дипломға ие болды.

Дата: 7.04.2019, 13:40 Автор: Білім бөлімі