Ашық сабақтар панорамасының декадасы өз жұмысын бастады

2019 жылдың 31қаңтардан бастап,"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің жылдық жоспарына сəйкес ЖМБ пəндерінің ашық сабақтар панорамасының декадасы өз жұмысын бастады.
Сабақ үрдісінде нəтижеге бағыттайтын əдіс тəсілдерді қолдану. Ашық сабақтар 5-8 сыныптарда жоспарланған. Ашық сабақтар декадасын алғашқы болып, ЖББ N4 орта мектебінің география пəні мұғалімі,жас маман Тусупбеков Б.ашты.Сабақ барысында мұғалім теорияны практикалық жұмыспен ұштастыра отырып,топпен,жұппен,жеке жұмыс түрлері жəне əртүрлі əдіс-тəсілдер қолданылды..Оқушыларға тақырып өте қызықты болып,топырақтың экологиялық мəселелерін атай отырып,оның шешу жолдарын көрсетті. Сабақ соңында əр оқушы өз көңіл-күйлерін түстер арқылы анықтап, аралдарды таңдады. Қатысушылар сабақтың қызықты,тартымды өткендігі туралы өз тілектерін білдірді.

Дата: 4.02.2019, 9:15 Автор: Білім бөлімі