«Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу құзіреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологиялардың тиімді жолдары» атты облыстық семинары

2019 жылдың 10 қаңтары күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының «Жас оқырман» облыстық жобасы аясында КМҚК МЖДМ «Жұлдыз» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу құзіреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологиялардың тиімді жолдары» атты облыстық семинары болып өтті. Мақсаты: Халық педагогикасы негізінде балалар мен ата-аналардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы тәрбиешілердің кәсіптік біліктілігін шыңдау. Негізгі идеясы: халық педагогикасы негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға қызығушылығын аттыру. Семинарға Қарағанды облысы ББДОӘО әдіскері А.Д.Бұғыбаева, Балқаш қаласының білім бөлімінің басшысы Г. Ж. Агдарбекова қатысып қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қоса облыс және қала көлемінде 30 әдіскер қатысып тәжірибе алмасты. Балабақша педагогтары халық педагогикасы негізінде балалар мен ата-аналарға қолданған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар 2 блоктан тұрды: 1 блок – Халық педагогикасы беттерінен (балалармен жұмыс), 2 блок - Әдістемелік қоржын (жоба аясында қолданылатын инновациялық технологиялармен бөлісу, педагогтармен жұмыс). Балабақша директоры Г.Б. Жакишева 2016-2018 оқу жылындағы «Жас оқырман» жобасының алға қойылған мақсат, міндеттерін атап өтіп, жасалған жұмыстарға тоқталды. Бірінші блокта балабақша тәрбиешілері асықпен ойын жаттығулары, театрландырылған көріністер және балалар шығармашылығы, халық ауыз әдебиеті арқылы оқуға баулу жолдарын балалармен жұмыс жасай отырып көрсетті. Қарағанды облысы ББДОӘО облыстық «Оқу шаттығы», «Зерек» және «Жас оқырман» жобаларының сабақтастығы жалғасы ретінде №17 орта мектеппен серіктестік жұмысында «Поэтикалық поезд» және «Зерек» жобасы аясында оқу қызметінің үзінділері көрсетілді. 2 блокта жоба аясында қолданылатын инновациялық технологиялармен бөлісу мақсатында тыңдаушылармен «Ата-анамен жұмыс арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбы, «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқуға қызықтыруда «КЕЙС» технологиясының тиімділігі» коучингісі және де қалалық Гайдар атындағы балабақшамен әлеуметтік серіктестік барысында белсенді жұмыс жасаған ата-аналар мен балабақша топтары марапатталды. Семинарды Қарағанды облысы ББДОӘО әдіскері А.Д. Бұғыбаева қорытындылап жоғары деңгейде өткендігі атап өтілді. Әр тыңдаушы «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы тілектерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

 

Дата: 24.01.2019, 16:14 Автор: Школы и сады г. Балхаш