Білім бөлімінің 2018 жылғы есебі

2018 жыл бойынша есеп.

 

БІЛІМ БЕРУ

 

ҚР 2016-2019 жылдары білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламалары индикаторларының орындалуы:

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 3 міндетті индикатор мен 18 көрсеткішке жету жоспарланған. 

3-6 жасар балаларды мектепке  дейінгі жаңартылған мазмұнды білім беру мен тәрбиелеумен қамту үлесі (2016ж. - 82,7%, 2017ж. - 87,5%, 2018ж. - 90%, 2019ж. - 100%).

Қалада контингенті 3077 баланы құрайтын 22 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды (14 бала бақшада — 3023 бала, 8 шағын орталықта – 854 бала).

1 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі білім берумен қамтылған балалар үлесі – 96,4% (облыс бойынша 88,8%), 3-6 жастағылар – 100% (облыс бойынша 99,6%).

МӘСЕЛЕ:МЖС шеңберінде жеке бақша ашу.

ШЕШІМІ: Қалада 2019 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды көбейту- мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде жеке бала бақша ашу арқылы шешу жоспарлаған:

-  100 орынды «Балапан бакшасы» ЖШС (Сейфуллин көшесіндегі жеке үй). Қазіргі кезде құжат ресімдеу мен бизнес жоспар құру жұмыстьары жүргізілуде.

- «Балхашснабпитание» ЖШС бала бақшасын ашу үшін Островский көшесі 14 үй ғимаратын алуды жоспарлау есебінен.

- 64 орамдағы Қошқарбаев көшесінде 30 орындық бала бақша ашу есебінен.

НИМ тәжірибесі бойыншажаңартылған мазмұнды білім беруге көшкен мектеп үлесі ( 2016 жылы – 1 сынып,  2017 жылы – 2, 5, 7 сыныптар,  2018 жылы-3, 6, 8, 0 сыныптар, 2019 жылы – 4, 9, 11, 12 сыныптар).

Екі инновациялық мектеп - №15МЛ ( 2016-2017 оқу жылынан) және №17МЛ (2017-2018 оқу жылынан) Назврбаев Интеллектуалды мектебі тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұнды білім беруді енгізуді жалғастыруда.

 2016 жылдан 1 сыныптар (1243 оқушы) жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасымен оқуды бастады.

 2017 жылдан жаңартылған мазмұнды білім беру 2,5,7 сыныптарға енгізілді. (3673 оқушы).

 2018 жылы 3,6,8 сыныптарға енгізілді. (3611 оқушы).  

 2019 жылы 4,9,10,11 сыныптарды енгізу жоспарланған.

2018 жылы оқулықпен қаматамасыз ету 100% құрайды.

Үлгерімі «озат» және «үздік» көрсеткішті оқушылар үлесі (оқу сапасы) (2016 ж.- 60%, 2017 ж.-62%, 2018 ж.-65%, 2019 ж.-70%).

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша үлгерімі «озат» және «үздік» көрсеткішті оқушылар үлесі 70,1%.

2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша үлгерімі «озат» және «үздік» көрсеткішті оқушылар үлесі 70,5%. Өсу 0,4% құрайды.

Білім беру мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сай ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта құруға тиісті мектептер үлесі 60,2% болуы тиіс. Қала бойынша аталған көрсеткіш 88,1% құрайды. (жоспар — 80%).

Инклюзивті білім беруге ерекше назар аударылған. Қалада облыстық арнайы түзету мекемесі жұмыс жасайды және қаланың жалпы білім беретін мекемелерінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалуда.  

Білім бөлімі дамуы шектеулі балалардың  бірдей білім алу мен олардың білім алу үрдісіне толық интеграциялану құқығын қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді енгізудің іс-шаралар жоспарын дайындады.

Қалада ерекше қажеттілігі бар 126 бала тұрады.

Инклюзивті білім беру талаптарының бірі арнайы білім беру жүйесін құру. 

«Ер Төстік» бала бақшасындағы түзету тобының жұмысы мен ата-аналарға әдістемелік көмек пен педагогикалық қолдау бойынша «Ботақан» кеңес пунктінің жұмысы жалғасуда.

№1 ОМ базасында инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың кәсіби білігін көтеру бағдарламасы шеңберінде модульді бағдарламаны іске асырушы стажерлық алаң ұйымдастырылған. №1,5 ОМ 54 түзету сыныптарында 70 оқушы оқиды, сонымен бірге оқыту үрдісіне 86 мүгедек бала қамтылған, оның 55 дамуда мүмкіндігі шектеулі балалар болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру

Қалада 22 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның 14-і бала бақша, 8-і шағын орталықтар.

Мектепке дейінгі білім берумен 3077 бала қамтылған, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту пайызы96,4%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі қамту – 100%.

Қаланың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 345 педагог жұмыс істейді, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мамандығы бойынша жоғары және кәсіби-техникалық білімді 317 педагог, оның 106-сы жоғары білімді (30,7%) 167-сі кәсіби орта-техникалық білімді(48,4%).

Жоғары біліктілік санатты 15 қызметкер (4,3%), бірінші біліктілік санатты – 60 (17,3%).

2018 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік тапсырысты енгізе отырып, 40 орындық «Балапан бакшасы» ЖШШ жеке бала бақша ашылды.(мекенжайы 9 ықшам аудан 2 қабатты коттедж).

 

Жалпы орта білім беру

Қалада контингенті 11279 оқушыны құрайтын 18 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Барлық мектептерде оқыту 2 кезекте жүргізіледі, сыныптардың орташа толымдылығы 20,7 баланы құрайды. Білім сапасы:

жаратылыстану-математика циклы бойынша. 2017 жылмен салыстырғанда 62,3 ден 70,1 % ға өсті.

ЖМЦ пән бөліктері бойынша – 70,1% (2017ж.- 62,3%), өсу 7,8%.

- Физика – 70 (57 %) – өсу;

- Химия – 69,8 (66 %) – өсу;

- Биология – 71,1 (70 %) – өсу;

- География – 69,6 (69 %) – өсу.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша білім сапасы 2017-2018 оқу жылында 50,3%.

2018-2019 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша білім сапасы 50,8,  өсу 0,5%.

Педагогикалық корпус пен біліктілік көтеру

2018 жылғы педагогикалық корпус 1160 педагогты құрайды (2017 – 1080адам.), оның ішінде әйелдер – 1050 адам немесе 90,5%, кәсіби құзырлықтың жеткілікті деңгейі мен сипатталады:

- 872 (2017- 816 адам.) (75,1%) жоғары білімді қызметкерлер;

- 524 (2017-502 адам.) (45,1%) – жоғары және бірінші біліктілік санатты.

172 педагог (16%) «Назарбаев Интеллектуалды мектептер» АҚ оқу бағдарламалары бойынша біліктілік көтеру курсынан өтті, Кембридж университетінің жаңа форматты деңгейлік курсынан өтіп «Назарбаев Интеллектуалды мектептер» сертификатын алды. 

40  ағылшын тілі мұғалімі ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында оқытудан өтті.

Мұғалімдердің 75% жаңа педагогикалық технологияны меңгерген, 64% өз жұмыстарында қолданады.

Бүгінгі күні 343 педагог Кембридж университетінің деңгейлік бағдарламаларын бітірді, қаладағы барлық мұғалімдердің жалпы санының 32% құрайды.

2018 жылдың мамыр-маусым айларында қала педагогтары жаңа ереже бойынша аттестаттаудан өтті. Пәндер бойынша біліктілік тестісінен өткен 108 педагогтың – 58% 2 кешенді аналитикалық іс-әрекет этапына жіберілді.

2018 жылы аттестатталуға тиісті біліктілік тестісінің қорытындысы бойынша педагогтардың42% «Педагогика және психология» бағыты бойынша деңгейлік шегін ала алмады.

Мұғалімдерді барынша ынталардыру - олардың орташа жалақысы деңгейін көтеру болып табылады.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап аттестация қорытындысы бойынша біліктілік категориясы үшін мұғалімдер 30 дан 50% дейін қосымша үстеме алса, жаңартылған мазмұнды білім беру бойынша сабақ беретін мұғалімдер жалақысы 30% ға өсті.

69 педагог:

-  «Шебер»мұғалім - 45,0 мың тенге (1адам)

- «Эксперт»мұғалім- 26,0 мыңтенге (27адам)

-  «Зерттеуші» мұғалім- 28,0 мыңтенге (28адам)

- «Модератор»мүғалім- 19,0 мыңтенге (13адам)ретінде қосымша ақы алады.

Кейінгі үш жылдағы барлық педагогтар санына шаққандағы жас мамандар үлесі бір қалыпта және 2018-2019 оқу жылында 4,1% құрайды. 2018-2019 оқу жылында 41 жас маман қабылданды.  

Мемлекеттік бағдарламада кезеңмен үштілдік оқытуды енгізу шаралары көрсетілген. Ағымдағы жылы облыстық пилоттық жоба бойынша №15МЛ жұмысын жалғастыруда.  

Аталған шараның тиімді орындалуы үшін үштілдік білім беру Жол картасы құрылып, бекітілген. 

Бүгінгі күні қалада 103 физика, химия, биология, информатика мұғалімі жұмыс істейді, оның 57-сі ағылшын тілін оқып (55,3%), меңгергені жайлы сертификат алды.Айлық үстемелері 38,0 мың теңгені құрайды. 

Қалған педагогтарды оқыту 2018-2019 оқу жылына жоспарланған.

ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕ:Білікті кадрлар тапшылығы 3,8% (15 математика пәні, 6 тарих пәні, 9 орыс тілі пәні, 3 орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып, 6 ағылшын тілі пәні мұғалімдері жетіспейді.)

ШЕШІМІ:2018 жылдың желтоқсан айында жалпы білім беретін 3 мектептің директоры КарМУ-нің  педагогикалық мамандық бойынша түлектерінің мансабы Күніне қатысты.

Шара барысында мектеп директорлары түлектермен әңгімелесу жүргізіп, 45 түлекпен педагогикалық практиканы өткізіп келешекте тұрғылықты жұмыспен қамту туралы алдын ала келісім жасады. 

 «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаланың 8 жалпы білім беретін мектебі 11 түлекті «Математика» маманндығы, 4 түлекті «Физика» мамандығы бойынша қабылдау туралы келісім-шартқа қол қойды.

ҰБТ-2018 қорытындысы бойынша сараптама

 Қорытынды аттестациялау нәтижесі бойынша барлық 10 «Алтын белгі» мен 4 ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер білімдерін растады.

 2017-2018 оқу жылында мектепті 329 түлек бітірді. (2017ж.- 265).

Қала бойынша ҰБТ өтініш білдірген 266 адамның 263-і қатысты. (2017 ж. – 220 адам., 83,8%).

Оның ішінде, 201 түлек қазақ тілінде, 65-сі орыс тілді оқыту мектебінен. 4 түлек өз еркімен тест тапсырудан бас тартты.

Балқаш бойынша орташа балл 74,9 (шығармашылық емтиханымен, шығармашылықсыз 77,9) немесе  53,5% 140 балдан (2017 - 80,1 балл), 5,3 балға төмен.

14 мектептің 5-інде нәтиженің жоғарылауы, 9-ында төмендеуі байқалады. Бұл облыс бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу рейтингісі көрсеткішіне әсер етті.

мектептер

Орта балл-2017

 Орта балл-2018

«-» «+»

орын

№1ОМ

69,2

71,5

- 2,3

7

№2лицей

90,1

90,7

+0,6

1

№4ОМ

78,3

59,5

- 18,8

12

№5ОМ

79,4

64,7

- 14,7

11

№6ОМ

71,2

58,1

- 13,1

13

№7МГ

80,3

71,5

- 8,8

7

№8ОМ

62

71

+ 9

8

№9ОМ

93

77

- 16

4

№10ОМ

83,4

76

- 7,4

5

№15МЛ

88

88,1

+ 0,1

2

№16ОМ

85

84,7

- 0,3

3

№17ШЛ

72

73,8

+ 1,8

6

№24ОМ

0

68

0

9

№25ОМ

60

67,2

+7,2

10

барлығы

80,1

74,9

- 5,3

 

 

 

Қалалар бойынша тестілеу қорытындысы

қала

2017

2018

орын

Сарань

88,3

76,5

4

Шахтинск

74,2

79

3

Теміртау

68,5

80,5

2

Балқаш

80,1

74,9

6

Каражал

63,3

64,4

9

Приозерск

70,5

67,8

8

Жезказган

84,2

92

1

Сатпаев

78,9

76

5

Қараганды

76,5

73,6

7

 

 

Түлектердің білім беру грантына түсуі.

 2018 жылы ЖОО 103 түлек түсті, 2017 жылмен салыстырғанда 32-ге артық.  

Мектептер

2016

2017

 грант РФ

%

ҰБТ-2018 барлық тапсырғандар

ГРАНТ 2018

грант РФ

%

грант шет ел

%

 грант ҚР

%

 грант ҚР

%

 

 

 

ҚР

%

 

 

 

 

гимназия

10

40

8

32

5

20

 

 

 

 

 

 

 

№1ОМ

0

0

0

0

1

9

13

1

7,7

 

 

1

7,7

№2лицей

14

46,6

9

33,3

 

 

31

19

61,3

 

 

 

 

№3ОМ

0

0

2

100

 

 

0

0

0

 

 

 

 

Ш№4ОМ

3

11,1

4

44,4

 

 

20

6

30

5

25

 

 

№5ОМ

0

0

3

23

 

 

8

3

37,5

 

 

 

 

№6ОМ

0

0

3

27,2

 

 

8

1

12,5

 

 

 

 

№7МГ

6

16,6

4

11,7

 

 

51

20

39,2

 

 

 

 

№8ОМ

1

6,2

1

4,7

 

 

36

14

38,8

 

 

 

 

№9ОМ

3

25

5

45,4

 

 

14

5

35,7

 

 

 

 

№10ОМ

1

7,1

4

30,7

4

30,7

4

3

75

 

 

 

 

№15МЛ

10

45,4

12

66,6

 

 

28

17

60,7

 

 

 

 

№16ОМ

8

44,4

11

64,7

 

 

14

9

64,3

 

 

1

7,1

№17МЛ

2

11,1

2

20

2

 

25

3

12

7

28

 

 

№24ОМ

 

 

 

 

 

 

4

1

25

 

 

 

 

№25ОМ

1

11,1

0

0

 

 

7

1

14,3

 

 

 

 

ИНТ№2

0

0

3

50

 

 

0

0

0

 

 

 

 

барлығы

275/59

21,4

71

30,7

12

5,1

263

103

39,1

12

4,5

2

7,6

 

 

Дарынды балаларға қолдау жасау жүйесін дамыту- әр мектептің жетекші бағыттарының бірі.

Бұл бағыт бойынша қойылған мақсаттар негізінен шешілді. 

  • Ұзақ мерзімді дарынды балалармен жұмыс бойынша қалалық  бағдарлама бекітілген.
  •  «Балқаш қаласының дарынды балалары» бірыңғай мәліметтер базасы құрылған.
  • Абай атындағы №2 лицей базасында олимпиадалық резерв мектебі тиімді жұмыс жасайды.
  •  2018 жылы оқушылардың түрлі деңгейдегі олимпиадалық қозғалысқа қатысуы бойынша жоспарланған көрсеткішін 63% дейін жеткіздік.
  • Қала оқушыларының қатысқан Республикалық, халықаралық конкурстар тізілімі мен деңгейі мейлінше ұлғайды.

Ең жоғары нәтижелі қатысушылар командасын ұсынған №2 лицей, №15МЛ,№16ОМ,№17МЛ.

Олимпиадалар, конференциялар жеңімпаздарын қолдау «Алтын бала» бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.

Қалада білім сапасын жақсарту мақсатында мектептерді қазіргі заманғы компьютерлік техникамен, жаңа модификациялы пән кабинеттерімен, интерактивті құралдармен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Білім беру жүйесін цифрландыру жұмысы жалғасуда.

Қаладағы компьютерлік парк 2517 бірлікті құрайды. Бір компьютерге келетін бала саны4,4(облыс бойынша- 4,5 адам), ауыстыруды қажет ететін компьютерлік техника саны– 40 немесе 1,5%(облыс бойынша– 4%).

Кең жолақты интернетке қосу көрсеткіші100%.

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету80,6% (жоспар бойынша77%) өткен жылмен салыстырғанда3,6%артық, облыстық көрсеткіш69%.

 2018жылы 27,8 млн теңгеге 6  жаңа модификациялы кабинет алынды(2 химия, 1 физика, 3 биология). (2017 жылы7 пән кабинеті алынып, орнатылды, оның ішінде 2 - химия, 3 - физика, 2 -биология).

«НұрОтан» партиясының 1000 мектепті ІТ кабинеттерімен жабдықтау партиялық жобасын іске асыру шеңберінде №8,10 ОМ,№17МЛ базасында құны 12,6 млн.теңгені құрайтын ІТ-технологиясы кабинеттері ашылды.

Оқушылар сарайы базасында 5 бағыт бойынша технопарк ашылды: авиа-авто-кемежасау, радиоәуесқойлар, балалар телестудиясы, робототехника, 3D-модельдеу.

Роботехникалық лабораториялары бар мектеп саны-13, 2017 жылмен салыстырғанда 4 бірлікке өскен. (2017 жылы8 роботтехника кабинеті алынды, соның ішінде,ЖБ - 4 кабинет,  РБ - 4 кабинет, жалпы құны 28,0 млн. тенге).

Барлық білім беру мекемелері кең жолақты интернетке қосылған және«WI-Fi» орнатылған.

Барлық пән кабинеттеріПИК «проектор-экран-компьютер»кешенімен жабдықталуда.  2018  154 бірлік алынды, бүгінгі күні ПИК 310 бірлікті құрайды, немесе  60%.

 2018 жылғы роботехникалық лабораториялары бар кабинет саны 13, 2017 жылмен салыстырғанда 4 бірлікке өсті. 

Бірыңғай ақпараттық жүйе мониторинг пен «Білімал» оқушылардың жетістігі есебі жүйесі, сонымен бірге  «Bilimland» ақпараттық білім платформасына барлық мектептер 100% қосылған.

2018 жылдың 1 маусымынан сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінге мекемеге электронды кезек» жобасы енгізілді.

Аталған автоматтандырылған кезек жүйесіне 14 бала бақша мен 8 шағын орталық енгізілген.

Барлық 18 жалпы білім беретін мектептер(100%) электронды журнал енгізген.

 

Мектептердің материалды-техникалық базасын толықтыру мен индикаторларға жету үшін 2019 жылы келесі қаржы бөлінді:

Іс-шаралар

саны

құны

%

1

Жаңа модификациялы кабинеттер алу:

- биология

- химия

- физика

 

 

6  бірлік

3 бірлік

0 бірлік

 

 

35,5 млн.тг.

18,3 млн.тг.

0

 

 

94,1

100

100

2

«Робототехники»лабораториясын алу

4 бірлік

19,3 млн.тг.

88,2

3

 IT-кабинеттерін алу

2 бірлік

12,6 млн.тг.

23,5

4

Компьютерлер алу

100 дана

19,9 млн.тг.

1 компьютерге 4,3 бала

5

 ПИКалу

100 дана

49,6 млн.тг.

75,5 (410 дана543 данадан)

 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 33 білім беру мекемесінде 778 бақылау камерасы орнатылған.

 2018жылы қаланың ІІБ ЦОУ  16 жалпы білім беру мекемесі қосылған.(қосылмаған:Саяқ кентінің №6ОМ мен Гулшат кентінің бастауыш шағын мектебі).

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде: топтарда, ұйықтау, шешінетін бөлмелер мен туалеттерде қосымша құны 4,1 млн.теңгеге 72 бейнебақылау орнатылды.

 2019жылы ЖБ балалар бақшасына 139 камера орнату үшін 7,9 мон. теңге қаржы бөлінді.

Қосымша білім беру

Қосымша білім берумен қамтылған мектептер үлесі– 39,2%.

Қала бойынша барлығы 2 қосымша білім беру мекемесі бар:

Мектеп

Балалар саны

Үйірмелер саны

% қамту

Оқушылар сарайы

3600

49

32,5

Өнер мектебі

683

25

6,7

барлығы

4283

75

37,9

 

 

Анықтама: Өнер мектебі мен  Қоңырат кентінің №3,25ОМ, Балқаш станциясы №24ОМ, №3 мектеп интернаты арасындағы меморандумға сай қосымша: вокалдан (1 бірлік), хореграфиядан (1 бірлік), авиамоделдеу мен кемежасау (1 бірлік) үйірмелер жұмыс жасайды.

 

 18 білім беру мекемеленрінде 6391 баланы қамтитын 484 үйірме мен 2843 оқушысы бар 132 спорт секциялары жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылы №4,810ОМ, №15МЛ пилоттық режимде «Футбол сабағы» жобасы жалғасуда.(«дене тәрбиесі» пәнінің 3-сағаты осы жобаға бағытталған)

Балалар мен жастар қозғалысымен қамтылған оқушылар үлесі - 9150 немесе 81%, соныі ішінде «Жас ұлан» - 5215 адам, «Жас қыран» – 3935 адам.

Ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс: Ата-аналардың 99,1% Ата-аналар ассоциациясы құрамында, әр мектепте Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитеті жұмыс жасайды. Сонымен бірге, тұрақты түрде Аналар мен әкелер кеңесі жұмыс істейді.

Қорғаншылық пен қамқоршылық

2018 жылғы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны-168: қорғаншылық пен қамқоршылықта-128, патронаттық тәрбиеде-18, балалар үйінде-18.  

2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4 кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған Отбасы типті балалар үйі  (Танцурина В.) жұмыс істейді.

Қазіргі кезде 168 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың:

 43 – делирикция түрінде тыйым салынған үй-жайлары бар;

 103 – мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезекте тұр. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту бойынша кешенді жоспар:

жылдар

Беруге тиісті жоспарланған пәтер саны

Бөлінді

% орындалуы

2016 жыл

23

1

4%

2017 жыл

2

12

120%

2018 жыл

2

9

450%

 

Қарағанды облысы бойынша 2016-2020 жылдарға патронаттық тәрбиені дамыту жоспарына сәйкес 7 баланы отбасына орналастыру жоспарланған, факт бойынша 6 бала беріліп, жоспарды орындау85,7%құрады.

 2019 жылы 8 баланы патронаттық тәрбиеге беру жоспарланған.

 

 

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары.

2018 жылдың 12 айында Ювеналды полиция тобында 102 оқушыға қатысты іс қозғалды:

- түнгі уақытта үйден тыс жерде болған кәмелетке толмағандар – 86 жағдай (барлық 18 мектеп);

- алкогольді ішімдік ішу – 8 жағдай (№1,9,10ОМ,№17МЛ,инт№3).

- ұсақ бұзақылық – 8 жағдай (№1,10ОМ,№17МЛ, инт№3)

2018 жылдың 31 желтоқсаны полицияның ювеналды тобында 21 оқушы есепте тұр. (2017 жылмен салыстырғанда 5 адамға өскен), мектепішілік есепте – 71 оқушы,10 адамға азайған.

Оқушылардың жаз мезгіліндегі қамтылуы.

Жаз мерзімінде 17 жалпы білім беретін мектептер базасында 2702 баланы қамтыған 1-5 сынып оқушылары үшін 4 кезекте толық күнге арналған мектеп жанындағы легерь мен 2020 баланы қамтыған 5-8 сынып оқушылары үшін тамақтанусыз жазғы алаңдар жұмыс жасады. Маусым айында А.Мусин атындағы Балқаш  гуманитарлы-техникалық колледжінің жанында толық күнді қамтитын 70 бала үшін  кәсіби лагерь жұмыс жасады. Жаз бойы ювеналды полиция есебінде тұратын 97 бала:

- қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьмен – 45 адам. (34%);

- еңбек практикасымен - 29 адам (29,8%);

- ата-аналар ұйымдастырған демалыспен - 15 адам (15,4%);

- уақытша еңбекпен – 8 адам (8,2%).

«Мектепке жол» республикалық акциясы

Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрінің ұсынысы бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Анықтама:ұйымдастыру комитеті құрылды, іс-шаралар жоспары бекітілді, «жедел желі» жұмысы, сенім телефоны, қаланың білім беру мекемелерінде қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.  

Білім бөлімі жанында әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар балаларына адрестік көмек көрсету бойынша қоғамдық штаб жұмыс істеді.

Ағыбай батыр көшесінде қалалық базарға қарсы және Мира көшесі мен Қараменде би көшесінің қиылысында «Мектепке жол» акциясының өтілуі жайлы баннер орнатылған.

Өткен жылдың 1 тамызынды «Балқаш» сауда үйінің алдында буклеттер таратылып, пиар компания өткізілді.  

Жоспарға сай 1-10 тамызда  халыққа жариялау мақсатында «Мектепке жол» акциясы жайлы ақпараттық-насихаттау  хабарлама жұмыстарын ұйымдастырды. Хат, жарнамалық буклеттер мен парақшалар тарату жұмыстары жүргізілді.

Штаб жұмыс барысында 381 бала құны 3573,0 мың теңгеге жаңа оқу жылының басына киіммен, канцелярлық құралдармен қаамтамасыз етілді, оның 1891,6 мың теңгесі жалпыға бірдей білім беру қорынан, 1681,4 мың теңгесі демеушілік көмектен.

Білім беру мекемелерін жөндеуден өткізу

Білім беру мекемелеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізудің төртжылдық жоспарына сай, 2018 жылы  15 нысанға 262,9 млн. теңге бөлінді. (2017 жылы ЖБ 13 білім беру нысанына жөндеу жұмысын жүргізу үшін 281,2млн теңге бөлінді).

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының аясында облыстық бюджеттен 6 мектепке дейінгі ұйымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 77,1 млн.тенге бөлінді. («Балауса», «Ақбота», «Алпамыс», «Жұлдыз», «Айгөлек», «Бөбек» бала бақшалары).

Балабақшаны ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу процедурасын өткізу кезінде үнемделген қаражат көмегімен, №24 ЖББ мектеп жанындағы интернатының жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді (9354, мың теңге).

Барлық жөндеу жұмыстары жобалық-сметалық-құжаттар мен желілік кесте арқылы жүргізіліп100%-ға орындалды.

2019 жылы 14 білім беру нысанына 374,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, ОБ-163,2 млн.теңге, ЖБ-210,8 млн. теңге.  

 Барлық 33 білім беру мекемесі жылу пайдалану  жүйесінің дайындығы жайлы (100%) актілері бар.  

 «Гүлшат кенті шағын жинақты бастауыш мектебі» КММ әкімшілігі  Приозерск қаласы «Жамширашиева» ЖК құны 495,5 мың теңгеге 45 тонна көмір сатып алды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша  демеушілік қаржысы есебінен жалпы құны 4 млн 700 теңге тұратын 6 жоба іске асырылды.

2018 жылы қала мектептеріне біздің еліміздің бүгінгі және келешектегі жағдайы жайлы білімін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыра алатын, танымдық қызығушылығын дамытатын, Қазақстанды модернизациялау туралы ой-өрісін кеңейте алатын, ең бастысы, нағыз Қазақстандық патриотты тәрбиелей алатын 6 маңызды жоба енгізілді.

 «Абай – руханияттың алтын қазығы» жобасы.

Есепті кезеңде жобаны іске асыру  барысында:

- «Ұлтына ұран болған ұлы Абай» көркемсөз оқу конкурсы,

-  «Көңілім әнді ұғады» әншілер конкурсы,

- «Абайды әлемге танытқан Әуезов» ғылыми практикалық конференция өткізілді.  

- мектеп кітапханаларында үнемі кітап көрмелері ұйымдастырылды.  

Республикалық «Жібек жолындағы сұқбат» форумы шеңберінде  мектеп оқушылары мен арнайы білім беру мекемелері студенттері арасында 2018 жылғы қыркүйек айында қалалық Абай оқуының таңдау туры өткізілді. Қалалық тур жеңімпаздары Мұрат Әуезовтің Балқаш қаласының жастары мен интеллигенциясымен болған шығармашылық кездесуінде өнер көрсетті.

Аталған шаралардың басты мақсаты-ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаев шығармалары арқылы оқушылар бойындағы рухани –адамгершілік құндылықтары мен интеллектуалды қабілеттерін дамыту.  «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы

Өткен кезеңде «Қалқан», «Ұлан» әскери-патриоттық ойындары, «Жас құтқарушы» қалалық конкурсы, Жеңіс күніне арналған әндер мен сапта жүру байқаулары, қала мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасында ту ұстаушылар конкурсы өткізілді.  Сонымен бірге, жобаға қатысушылар Еске алу вахтасы мен облыстық конкурстар, әскери спорттық ойындарға қатысты. №8ОМ  кадеттері облыстық «Жас Ұлан»конкурсына қатысып, 2 орынды иеленді.

Өткен жылдың қазанында №8ОМ 16 кадеті Алматы қаласында болып, аты аңызға айналған 177 мұсылмандар батальонының командирі, «Қара майор» атанып, ауған соғысына қатысқан Борис Токенович Керимбаевпен кездесті. Ұландар өз көздерімен отрядтың туын көрді, сол жылдардағы қару-жарақ экспонаттарымен танысты. Қаза тапқан ауған әскерлері ескерткіштеріне гүл қойып, батырларға минуттық үнсіздік құрметін көрсетті.

№17 мектеп лицейі базасында  «Re:актив жастардың волонтерлық қозғалысы» жобасы іске асырылуда. Осы уақыт барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

 «Таза қала-таза планета» атты қаланы тазалау бойынша экологиялық акция өткізілді.

Мамыр айында «Біз таза қала үшін», «Жасыл қала» қалалық акциясына қатысты. 12-17 жастағы балалардың 80% қамтыған (5000 баладай) спорттық шаралар, қалалық скверде «Жастар, алға» флеш-мобы (200 бала) өткізілді.  

Қазан айында қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары  арасында «Ертегі батырлары» тақырыбына қалалық скверде 200 бала қатысқан кіші архитектуралық формаларды (25-30 архитектуралық формалар) қалпына келтіру бойынша конкурс өткізілді

Қала кәсіпорындарына саяхат ұйымдастырылды. (5 кәсіпорынға 5 саяхат). Білім беру мекемелерінің кестесіне сай «Біз таңдайтын жолдар» мамандықтар жәрмеңкесі өтті.

Түлектердің кәсіби дайындығын қалыптастыру мен мамандық таңдауда жеке ерекшеліктері мен сұраныстарын ескере отырып көмек көрсету мақсатында қала мектептерінде Жоғары және арнайы кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Қала колледждерінің базасында 9-11 сынып оқушылары үшін кәсіби сынама өткізілді. Мектептерде сынып сағаттары, дөңгелек столдар, тренингтер, семинарлар өткізіп, «Кәсіби бағдар» тестілерін жүргізетін, түрлі кәсіп иелерімен кездесу өткізетін кәсіби бағдар беру каинеттері жұмыс істейді. 

 SPORT PROJECT «Аguatica» (Акватика)жобасы балаларға дене тәрбиесі мен моральды-ерікті тәрбие беріп, мектеп оқушыларын жаппай жүзуді үйрету арқылы суық тию ауруларын азайту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Өткен жылдың мамыры мен қыркүйегі арасында келесі іс-шаралар өткізілді:

- Мектеп жанындағы лагерьлерде жұмыс істейтін дене шынықтыру мұғалімдері үшін қалалық семинар (мамыр 2018 ж.).

- Мектеп жанындағы лагер оқушылары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері балаларын қамтыған (1400 бала) Семинарлар, жаттығу сабақтары, суға батқанда көрсетілетін алғашқы көмек көрсету, СӨС насихаттау негізінде су-қорғау станциясы қызметкерлерімен бірге «Судағы құтқару қызметі» волонтерлық қозғалысының ролдік ойындары өткізілді. (маусым-шілде 2018 жыл)

адамдар көп шоғырланатын жерлерде жүзу мен суда өзін-өзі ұстау ережелерімен байланысты 250-300 дана белгілі брошюралар, мазмұнды жарнамалық плакаттар шығарылып, таратылды(маусым-шілде 2018 жыл)

-Қалада көл жағасында «Судағы құтқару қызметі» волонтерлық қозғалысының күзеті- 10 рейд (маусым-шілде 2018 жыл)

-Мектеп жанындағы лагерлер балалары үшін «Алтын құм» флеш-мобы (19.06.2018ж.). қамтылғаны-173 бала.

-Өткен жылдың қыркүйек айында №4ОМ дене шынықтыру мұғалімдері Қарағанды қаласында өткен «Балаларды жүзуге үйрету шеңберінде сауықтырудың дене тәрбиесі» облыстық семинарға қатысты. - Таныстыру семинары – қала мектептерінің 1 сынып оқушылары ата-аналары үшін.

- 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде бассейнге жүзу сабақтарына 173 бала барады.  

Жалпы білім беретін мектептерден басқа екі қосымша білім беру мекемесінде 2 жоба іске асырылуда:

Өнер мектебінің«Күләш Байсеитова өнерінің рухани сабақтастығы» - жобасы Қазақстанда қазақтың музыка мәдениетінің негізін қалаушылардың бірі ССРО Халық артисі Күләш Байсейтованың шығармашылық мұрасын оқушылар арасында насихаттауға бағытталған.

Өткен жыл бойы аталған жобаны іске асыру барысында келесі іс-шаралар орындалды:

- 2 педагогтың Алматы қаласының Мемлекеттік мұрағатына К.Байсейтова жайлы қажетті материал жинау мақсатындағы шығармашылық сапары (наурыз 2018 ж.); 

- Өнер мектебінде К.Байсейтова атына 1 жұмыс кабинетінің ашылуы (мамыр 2018 ж.). Тұсаукесерге қатысқан оқушылар саны-85.

- Туған күні құрметіне К.Байсейтованың  ескерткішіне гүл қою (мамыр 2018 ж.) 34 оқушының қатысуымен.

- Қаланың білім беру мектептерінде «Біздің Күләш» документалды фильмін көрсету (қаңтар-сәуір 2018 ж.). 970 оқушының қатысуымен.

- Мектептердің педагогикалық кеңесінде атаулы степендия тағайындау тәртібі туралы Ереже бекіту (наурыз 2018 ж.).

- Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбра - party» шарасын өткізу (1 шілде 2018 ж.).

Оқушылар сарайының «Стоп - кадр» РТ студиясы білім беру бағдарламасы» - жобасы Қалалық балалар телестудиясының туындысы емес, қала мектептерінің ақпараттық кеңістігін ұлғайту болып табылады.  

Өткен жыл бойы аталған жобаны іске асыру барысында келесі іс-шаралар орындалды:

- Студияның практикалық сабақтары өтетін жергілікті «Өркен-медия» ШШС серіктестік туралы келісім-шартқа отырды. (сәуір 2018 ж.). Қамтылғандар саны- 65 адам.

- Қаланың телеканалдарына «Сіз білесіз бе?», «Хэнд мэйк» (қолмен жасау), «Үйірмелерге саяхат» қойылымдарын құрып, жариялады. (мамыр 2018 ж.) Қамтылғандар саны-3000 адам.

- Жарнамалар мен әлеуметтік желілердегі ақпараттар, буклеттер, брошюралар шығару мен акциялар, пиар-компаниялар секілді іс-шаралар аталған жобаға барлық мектеп оқушыларын тартуға бағытталған.

2018 жылдың 16 қазаны күні «Оқушылар сарайы» КМҚК  РT-студиясы  «Стоп-кадр» кабинеті ашылды.

Ресми бөлімінің алдында студия тәрбиеленушілері РT-студиясы  «Стоп-кадр» жаңалықтар бөліміне алғашқы сюжетін түсірді. Шарадан кейін студия жетекшілері Д.Т.Калыбеков пен А.Б.Баданова 2018 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейтін студияның іс-әрекеті туралы әңгімелеп берді.

Жас тілшілер мен  операторлар «Бала тілі - бал", «Біздің айналамыздағы әлем», «Мектеп жаңалықтары» секілді жаңа жобалар құрмақшы.  

Студия кабинетін ашып, жаңалықтар сюжетін түсіру үшін қажетті жабдықтар жартылай алынды. Монтаждау компьютері, штатив, камера, камералық жарық пен ілмекті микрофон алынды. РT-студиясы  «Стоп-кадр» тәрбиеленушілерінің жеке шағын студиясы бар, жаңа жобалар жасауға зор мүмкіншілік алды.

Медиа-жоспар шеңберінде жоспарланған іс-шаралар мен 2018 жылы 100% орындалды және 2019 жылы жалғастырылады. Бұл шараға қала мектептерінің 10100 оқушысы мен мектепке дейінгі мекемелердің 1600 баласы қатысты.

2019 жылы іске асыру мен қарастыруға қосымша 3 жоба ұсынылды: -  «Аата-ана жұмысындағы 10 күн» (кәсіптік бағдар беру жұмысы),

- «Менің ата-анамның кәсібі немесе ата-анамның кәсіпорнындағы танымдық күні»,

-  «Менің кіші Отаным: «Каникул пайдамен».

Гендерлік саясат

Қалалық әйелдер ісі мен отбасылық демографиялық саясат туралы комиссиясының ұсынысы бойынша жалпы білім беретін мектептерде үшінші жыл Әкелер кеңесі мен Аналар кеңесі жұмыс жасайды. Педагогикалық ұжым отбасылық тәрбиенің қолайлы тәжірибесін тарату мен отбасылық зорлықтың алдын алу, тәрбие үрдісін басқару мен ұйымдастыру үшін аталған кеңестермен, ата-аналар комитетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Өткен жылдың басынан бастап көпбалалы аналар, қаланың құрметті азаматтары, ардагерлер, медицина қызметкерлері, психологтардың қатысуымен жыныстық тәрбие, қыз балалардың қоғамдық орындардағы тәртібі тақырыптарына 17 семинар өткізілді. Оқушылар ата-аналары, педагогтар, түрлі мемлекеттік структуралар өкілдері қатысатын «Отбасы-бақыт мекені» қалалық форумын өткізу дәстүрге айналған.

3 бала бақша базасында «Жас ата-ана мектебі» жобасы жұмыс істейді.

2018жылы отбасы институтын қолдау мен беделін арттыру сұрақтары төңірегінде көп жұмыстар атқарылды.  

Өткізілген негізгі іс-шаралар жоспары:  

- «Тату отбасы» семинарлар циклы.

- «Қазақстан тарихындағы отбасы ролі» ғылыми-зерттеу жұмыстарының шығармашылық конкурстары.

- «Менің отбасым- менің Қазақстаным»тұсаукесер конкурстары.

- «Папа, мама, мен– спортсүйгіш отбасы» шаралары.

-  «Қасиетті отбасылық махаббат мысалы» дөңгелек стол.

- «Отбасы, махаббат пен адалдық күні» тағы басқа қалалық іс-шаралар өткізу.

МЕҰ

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша „Балқаш қаласының білім бөлімі“ ММ жанында „Біз шахматтың дамуын қолдаймыз“ МЕҰ жұмыс жасайды.

 2016жылдан бастап  Балқаш қаласының білім бөлімі“ ММ әлеуеметтік Біз шахматтың дамуын қолдаймыз“ жобасы іске асырылуда.

ЖБ аталған әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру үшін:

- 2016 жылы– 3500,0 мың.тг.

- 2017 жылы- 3500,0 мың.тг.

- 2018 жылы– 4610,0 мың.тг. қаржы бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар тапсырысты үкіметтік емес ұйымдардың орындауын қарастыратын мемлекеттік сатып алу қызметі конкурстының қорытындысы бойынша жобаны «Балқаш қаласының шахмат федерациясы» ҚҰ іске асыруда.

Жобаның мақсаты қалада шахматты кеңінен тарату, Балқаш қаласы әйелдер мен ерлер, жастар мен қыздар арасында Қарағанды облысы мен Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын чемпиондарды анықтау мен Балқаш қаласының құрама командасын жасау.

Аталған жоба Оқушылар сарайында іске асырылуда, «Белая ладья» үйірмесі ашылып, жұмыс істеуде. Үйірме жетекшісі Алимжанов Е.А. (бала саны-68.)

Өткен жыл бойына қаланың құрама командасының мүшелері (жалпы білім беретін мектеп оқушылары) бірнеше рет халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысты.

Жобаны іске асыру жылдары(2016-2018ж.) 4 адам шахматтан 1 дәрежесін растады.  

Жеті тәрбиеленуші чемпион болса, 11-і облыс бойынша классикалық шахматтан жүлдегер атанды.

4 ақпан мен 11 наурыз аралығында қалада әйелдер мен ерлер, жастар мен қыздар арасында классикалық шахматтан өткен чемпионатқа 60 тан астам адам қатысып, 21-і жүлделі орынға ие болды. 12 ай бойы қала командасы Қазақстан Республикасының балалардың шахмат кубогы Чемпионатының  3 этапына қатысты:  20 - 26 мамыр Кызылорда,  04 - 12 маусымда Костанай,  05 -12 шілде Актау қаласында.

 25 қазан мен 5 қараша арасында түрлі жастағы балалар мен қыздар арасында классикалық шахматтан облыстық чемпионатқа 7 адам қатысып, оның 5-і жүлдемен оралды.

 5-12 желтоқсанда Сагынтаева Аружан классикалық шахматтан облыстық чемпионатқа қатысты.

 2019 жылы ЖБ ҮЕҰ іске асыруға 4,7 млн. теңге бөлінді.

Қаланың даму бағдарламасы мен ғылым мен білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының барлық көрсеткіштері орындалды. 

 2019 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беру жұмысы сапасын көтеру бойынша іс-шаралар жоспарлаймыз.  Орта білім беруде жаңартылған мазмұнды білім берумен индикаторларға жету жұмысы жалғасады. 

 

Бөлім басшысы                                               Г.Агдарбекова

Дата: 24.01.2019, 10:05 Автор: Школы и сады г. Балхаш