"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы жалғасуда

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алған болатын. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Байқаудың екінші бөлімі, сыныптан тыс іс шара бөлімі 6 криитерий бойынша бағаланды. Қазан айының 23 і күні, 7 мектеп-гимназиясы базасында байқау қатысушылары 2 лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Оразахимова Алуа мен 24 орта мектептің мұғалімі Балмағамбетова Гульназ "Отан неден басталады", "Менің еліме қосатын үлесім" тақырыптарында ашық сынып сағаттарын көрсетті. Сынып сағатта оқушылар еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін топта, жұпта жұмыс жасай отырып көрсетті. Оқушылар туған өлкелері туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, ойынға белсене араласты. Мұғалімерге келесі кезеңге өтуге тілектеспіз.

Дата: 16.11.2018, 11:15 Автор: Школы и сады г. Балхаш