"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды

2018 жылдың қазан айының 17 күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл мұғалімі-2018» байқауының 1 кезеңіне сәйкес, №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дерова И.В. №17 мектеп - лицейдің 2 «Б» сынып оқушылырына жаратылыстану пәнінен «Сколько весит твой рюкзак» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жан-жақты аша білді. «Кластер» әдісі, «Сюжетті кесте» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі, жұптық жұмыс. Кітапті тізбектетіп оқу, дәптермен жұмыс түрі қамтылды. Сабақта мұғалім оқушыларды жұлдызша арқылы бағалап отырды. Сабақта денсаулық сақтау технологияларына басты назар аударылып , зерттеу жұмысы ретінде мектепке ұстайтын сөмкелері өлшеніп, ұсыныстар айтылды. Сабақ мақсатына жетті. Ұстазға байқаудың келесі кезеңінде сәттілік тілейміз.

Дата: 18.10.2018, 9:25 Автор: Школы и сады г. Балхаш