Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің отырысы

2018 жылдың 13 қыркүйегі күні №7 мектеп-гимназиясы базасында "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен 3,6,8 - сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған отырыс болып өтті. Отырыста 2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат пысықталып, тақырыптық-күнтізбе жоспар құрудағы ерекшеліктер айтылды. Әдістемелік бірлестік жетекшілері оқу бағдарламаларына тоқталып, жан-жақты талқылады.

Дата: 14.09.2018, 9:49 Автор: Білім бөлімі