«Дәстүр мен мәдениет-ұлттық генетикалық код» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің қалалық форумы өтті.

2018 жылдың 28 наурыз. Егеменді еліміздің, қасиетті Отанымыздың ХХІ ғасырдағы рухани даму жолын жан-жақты, терең талдап көрсеткен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық бағдарламасы аясында «Дәстүр мен мәдениет-ұлттық генетикалық код» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің қалалық форумы өтті. Форум өткізуде алға қойылған мақсат - «Туған жер» бағдарламасының тарихи мән-мағынасын бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ бойына тереңірек сіңіруде, ұлтжандылық пен Отаншылдық сезімін орнықтыруда және оларға туған жер мен салт-дәстүрін таныту үшін айрықша ат салысуда қала тарихшыларының ролін айқындау болатын.

         Тәжірибе алмасу алаңдарында №10, 24 және №17 мектептердің көрсетілімімен «Виртуалдық музей»таныстырылымы өтті.

«Өлкетану бойынша» жалпы білім беретін  №16 мектеп және №4 мектептер стартап жобаларының таныстырылымдарымен бөлісті.

        Сонымен қатар қазіргі жаңаша білім беру мазмұны бойынша цифрлық білім ресурстарын қолдану аясында «Шеберлік сабақтар жүргізілді. Тәжірибе алмасу алаңдары екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Қаламыздағы ұстаздар қауымы енгізіліп жатқан  жаңашылдықтармен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты. Жоспар бойынша  секциялық отырыстар болды. Секциялық отырыстардың тақырыбы:  Жастарға патриоттық тәрбие беруде салт- дәстүрді дәріптеудің маңызы, «Ценности и традиций современной казахстанской семьи». Отырыс орыс және қазақ мектептері үшін екі тілде,екі бөлімде болып өтті.

        Форум пленарлық отырыспен жалғасты, алғашқы сөзі форум қонағы, Балқаш   гуманитарлық-техникалық колледжінің   оқытушысы Ақшолақова Айнур Аманжановнаға берілді. Форум барысында алдын-ала Қарағанды Мемлекеттік Университетіндегі тарих факультетінің оқытушыларымен хабарласып арқылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің оқытушыларынан келіп түскен бейнебаяндамасы қатысушылардың назарларына ұсынылды. Сонымен қатар осы тақырыпта  сөз форумның кезекті қонақтары, Балқаш қалалық музейінің қызметкері Дәулет Қожақовқа беріліп, қаламыздағы мектептердің музейінің өзіндік тарихы бар болса, қала  мектептерде көптен бері жұмыс жасаса,кейбір мектептерде жаңадан ашылған музейлер бар. «Туған жер бағдарламасын» іске асыруда «Өлкетану» жұмысының маңызы зор. Осы бағытта жүргізіліп жатқан мектеп мүзейлерінің жұмыстарынан  бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар  сөз кезегі №8 орта мектебінің тарих мұғалімі Жакупова Зауреш Мұхсиынқызына мен №17 мектеп-лицейінің мұғалімі Смирнова Надежда Николаевна  өз ойларымен бөлісіп, баяндама жасады.                 

      Форум жұмыстарының нәтижесі бойынша көптеген ұсыныстар түскен болатын. Ұсыныстарды ескере отырып, қатыстырушыларға пленарлық отырыстың  қарары таныстырылып қабылданды.

Дата: 30.03.2018, 11:36 Автор: Школы и сады г. Балхаш