Размер шрифта:

festival "Roboland 2018"

2018 жылдың қаңтар айының 30 күні ІV Халықаралық робототехника фестивалі  аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен І қалалық «RoboLand 2018» фестивалі өткізілді.

І қалалық «ROBOLAND 2018» фестивалі оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, инженерлік дағдыларды қалыптастыру, білім беру робототехникасы мен бағдарламалауды жариялау, білім беру робототехникасы, бағдарламалау және жаңашыл технологиялар аясындағы озық тәжірибелермен алмасу, мықты командаларды анықтау мақсатында өтті.

Қала бойынша аталмыш фестивальға барлығы 8 мектеп арасынан 18 команда қатысты. Фестиваль 4 кезеңнен ұйымдастырылды. Олар: «Бастаушыларға арналған кегельринг», «Механикалық сумо», «Линиямен жүру» және жеке шығармашылық жұмыс. Әр кезең белгілі регламентпен өтті. Командалар фестивальдің белгіленген ережелеріне сай, үлкен дайындықпен, мол сеніммен келді. Фестиваль бастамасында кезекті дайындық шаралары жүргізілді. Дайындық үстінде оқушылардың роботқа деген қызығушылықтары  байқалды.  Фестиваль өте қарқынды түрде басталып, әркім өз күшімен, өз санасымен сынасуға бел буды.

Соның нәтижесінде, «Бастаушыларға арналған кегельринг» номинациясы бойынша

1 орын - «№16 орта мектеп»

2 орын - «Оқушылар сарайы»

3 орын – «№1 орта мектеп»

 «Линиямен жүру» номинациясы бойынша

1 орын – «№10 орта мектеп»

2 орын – «№15 мектеп – лицей»

3 орын – «Абай атындағы №2 лицей»

«Механикалық сумо» номинациясы бойынша

1 орын – «№16 орта мектеп»

2 орын – «Оқушылар сарайы»

3 орын – «№10 орта мектеп»

«Шығармашылық жұмыс» номинациясы бойынша

«С.Сейфуллина атындағы №7 мектеп – гимназиясы» І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осы робототехника негіздерін қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтары артатындығын, болашақта техникалық мамандықтарды таңдауға өз ықпалын тигізетіндігін байқауға болады.Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Дата: 1.02.2018, 12:08 Автор: Школы и сады г. Балхаш