2018 жылдың 11 қаңтарында Балқаш қаласындағы Оқушылар сарайында Республикалық жалпы білім беретін негізгі пәндер олимпиадасының 52-қалалық кезеңінің салтанатты жабылу жиыны өтті.

2018  жылдың 11 қаңтарында Балқаш қаласындағы Оқушылар сарайында Республикалық жалпы білім беретін негізгі пәндер олимпиадасының 52-қалалық кезеңінің салтанатты жабылу жиыны өтті. Салтанатты іс-шараны  қала мектептерінің  көркем сөз оқу шеберлері  ұлы ғұлама-даналарымыздың көркем сөздерін оқумен ашты. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы қалалық, облыстық кезеңінде жүлделі орын алған оқушылар марапатталып, ұстаздарына қошемет көрсетілді. Дарынды оқушыларымыз жаратылыстану-математика бағыты бойынша стартап жүйесінде өз ойларын ортаға салды. «Цифрлы Қазақстан» жобасы қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері әзірлеген бейнефильм арқылы көрсетілді. Сондай-ақ заман талабына сай, үштілділік курсын тәмамдаған ұстаздар қауымын арнайы сертификатпен марапаттады. Әр бөлім оқушылар сарайы және өнер мектебі өнерпаздарының өнерлерімен жалғасын тауып отырды. Қала мектептерінің арасында заманауи үлгідегі жоба жұмыстарынан ұйымдастырылған көрме  шақырылған ардагер ұстаздар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырды.  Білім бәсекесінде үздік нәтиже көрсеткен 6 мектеп командасы мақтау қағазымен марапатталды. Жиын соңында қалалық Білім бөлімінің басшысы Г.Ж.Ағдарбекова білімнің биік шыңынан көрінген оқушылар мен ұстаздарға алғысын білдірді.

Дата: 12.01.2018, 11:12 Автор: Школы и сады г. Балхаш