«Біз қалай қозғаламыз?» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз іс- тәжірбиесімен бөлісті.

2017 жылдың 28-желтоқсан күні Балқаш қаласы жалпы білім беретін  № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінің 1 «А» сыныбында Арыстанбекова Перизат Азанбаевна жаратылыстану пәнінен  «Біз қалай қозғаламыз?» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз іс- тәжірбиесімен бөлісті. Сабақтың негізгі мақсаты: қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын түсіндіру болды. Оқушылар сабақ барысында алып жатқан білімдерін көрсетіп, жеке, жұпта және топта орындаған тапсырмаларында белсенділік танытты.  Жаңартылған білім мазмұны аясында беріліп жатқан білімнің жүйелі, сапалы екендігін қолданған әдіс-тәсілдерімен айшықтай түсті. 

Дата: 29.12.2017, 11:02 Автор: Школы и сады г. Балхаш