НЗМ тәжірибесін тарату бойынша «Білім салтанаты: ізденіс, тәжірибе» атты қалалық ашық есік күні

ЖББ лингвистикалық бағыттағы  №16  орта мектебінде 2017 жылдың 13 желтоқсанда НЗМ тәжірибесін тарату бойынша «Білім салтанаты: ізденіс, тәжірибе»  атты  қалалық ашық есік күні ұйымдастырылып, магниттік мектептер үшін іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға  қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Айтжанова Ж.А., Мейірбекова Г.С., қала мектептерінің пән мұғалімдері, мектеп координаторлары, директордың әдістемелік ісі бойынша орынбасарлары, барлығы 42 әріптес қатысты.

Семинардың мақсаты: жаңартылған білім мазмұны аясында мұғалімдердің шығармашылығын арттырып,  оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін оқу тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану.

Ашық есік күнінде  НЗМ тәжірибесін тарату аясында жаратылыстану, тіл және өнер бағыттары бойынша ашық сабақтарда, оқыту семинарларында және жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалар бойынша өткізілген іс-шараларда қатысушылар тәжірибе алмасты..

Семинар соңында онлайн «KAHOOT» бағдарламасы бойынша сауалнама алынып, қатысушылар алған әсерлерімен ой бөлісті.

Дата: 20.12.2017, 5:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш