«Қалыптастырушы бағалау: мәселе, көзқарас, пікір» тақырыбында өткен қалалық семинар туралы ақпарат

23 қараша күні №16 лингвистикалық орта мектебінде қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері арасында «Қалыптастырушы бағалау: мәселе, көзқарас, пікір» тақырыбында семинар өткізілді.

Өткізілген семинардың  мақсаты білім беру мазмұнын жаңартудағы мәселе, көзқарас, пікірлерімен бөлісу. Семинарда  №24, №16, №2 лицей мектептерінің информатика мұғалімдері тәжірбиелерімен алмасты.

Семинар үш  бөлімнен тұрды: информатика пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнының  құжаттамаларымен, қалыптастырушы бағалауды жүргізу əдістеріне теория жүзінде тоқталса, үшінші бөлімінде теория практикалық жұмыстармен ұштастырылды.  Қала мектептерінің ұстаздары қалыптастырушы бағалау бойынша білімдерін ортаға салып, əріптестерімен ой бөлісті.

Дата: 24.11.2017, 9:02 Автор: Школы и сады г. Балхаш