"Жаңартылған білім беру мазмұны - бәсекеге қабілетті ұрпақ келешегі" тақырыбында магниттік мектептер үшін

21.11.2017ж. күні "Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей" КММ-де  "Жаңартылған білім беру мазмұны - бәсекеге қабілетті ұрпақ келешегі"  тақырыбында магниттік мектептер үшін іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті.  Семинардың мақсаты: НЗМ іс-тәжірибесін инновациялық технологияларды сабақ үрдісінде  қолдануды енгізу арқылы оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру және желілік қоғамдастықта тәжірибе алмасу. Семинарға қала мектептерінің координаторлары мен пән мұғалімдері қатысты. Семинардың алғы сөзін   директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т. Жақсыгелдина "НЗМ-нің іс-тәжірибесі - жаңартылған білім мазмұнының негізгі бастамасы" тақырыбында лицейдегі атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырды. Білім мен тәрбиені ұштастыруда "Ата-ана, мектеп, оқушы" үштігін ықпалдастыра отырып "Тәрбие тал бесіктен басталады" тақырыбында Жортарова Н.Н. тәжірибесімен бөлісті. Келесі бөлімде География пәнінен Түскеева А.М.  "Ауа райы және метеорологиялық құбылыстар", Музыка пәнінен  Еркинова Ж.Е."Қазақтың тұрмыс-салт жырлары. Бесік жыры", Дене шынықтырудан Ахмет З.А. "Акробатикалық жаттығулар орындау", Математика пәнінен  Меирбекова А.С."Қосу және азайту" , Химия пәнінен Мұқамеди Р.С. "Қоршаған ортадағы - су" тақырыптарында сабақтар өткізілді.  "Дарынды және талантты баланы анықтау" Оразахымова А., Байтұрғанова М.С. , "Критериалды бағалау" Касенова А.Б.шебер сыныптарын өткізді.Семинар соңында кері байланыс жасалды.

Дата: 22.11.2017, 5:18 Автор: Школы и сады г. Балхаш