«Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында № 15 мектеп-лицейде қалалық білім бөлімі мен мектеп-лицей қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен семинар өтті.

05.10.207 жылы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында  айтылғандай «Латын әліпбиін қолданысқа енгізу әлемдік кеңістікке апаратын жол». Осы мақсатта «Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі»  тақырыбында  № 15мектеп-лицейде  қалалық білім бөлімі мен мектеп-лицей қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен семинар өтті.

Семинарға  қалалық тілдерді  дамыту орталығы директордың орынбасары  Махмут Садуқасұлы  Жарылғап,Қазақстан Республикасы  Мәдениет саласының үздігі Күләш Ыбжанқызы Сардарбек, № 15 мектеп-лицей директоры Қарлығаш  Шәкәрімқызы Дүбірбекова, қалалық білім бөлімі әдіскері Гүлбаһрам Сағатбекқызы Мейірбекова,С.Сейфуллин  орталықтанған кітапхана әдіскері Гүлмира  Абдуллаевна Бегимова, қала мектептерінің ата-аналар комитетінің мүшелері,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және кітапханашылар қатысып  сүбелі ойларымен, толымды пікірлерімен  ой бөлісті.Семинар барысында Балқаш қаласының алғащқы газеттерінің бірі "Балқаш жұмыскері" газетінің 1934 жылғы латын қарпінде жарық көрген түпнұсқасы қатысушылардың назарына ұсынылды.

Сонымен бірге, барлық білім мекемелерінде осы тақырыпта семинарлар болып өтті. Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және тарих, ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технологиялық ортаның, коммуникация, білім мен ғылым саласында үлкен беделге ие және  қолданыс аясы, мүмкіндігі де зор  деген қорытынды шығарды. Әлемде ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп болары сөзсіз. Сондай-ақ, бұл өзгеріс тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады деген тұжырым жасалынды.

 

 

Дата: 10.10.2017, 5:47 Автор: Школы и сады г. Балхаш