Латын әліпбиіне көшу барысында ұйымдастырылған «Туған тіл- қыдырың» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция туралы ақпар

       

 7-қазанда С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының қоғамдық –гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен латын әліпбиіне көшу барысында ұйымдастырылған «Туған тіл- қыдырың» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференция Мемлекет басшысының: Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін сақтап қалу үшін жасалып отырған тарихи мәселеекенін атап көрсеткен бейнероликпен ашылды.

Конференция барысында  оқушыларымыз Елбасының “Латын әліпбиі – заман талабы” деген сөзін басшылыққа ала отырып, латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік және  бұл- мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамаларының бірі екенін  дәлелді түрде жеткізе алды.

   Конференцияда жас зерттеушілеріміз:

•11 А сынып оқушысы Дауылбаев Рахат.  «Қазақ әліпбиінің тарихы»

•11 А сынып оқушысы Қасымова Перизат «Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың жарқын болашағы»

•11 Ә сынып оқушысы Карибжанова Талшын «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт.»

•11 Ә сынып оқушысы Исмайлова Жаннұр « Латын әліпбиіне көшудің жазу сауаттылығын арттыруға ықпалы»

•11 Ә сынып оқущысы Ермек Толғанай  «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің болашағы.»

•10 А сынып оқушысы Дарибекова Айзат «Латын әліпбиіне көшу- ел мен елдің ынтымақ-бірлігін арттырудың кепілі»

•10 Ә сынып оқушысы Көпбаева Гүлім «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді»

•9 Ә сынып оқушысы Орымбай Дильназ «Латын әліпбиі -болашақ ұрпақ үшін игі бастама»

•8 В сынып оқушысы Қуаныш Нұрбөпе «Латын әліпбиі – ақпараттық технология тілі»

•7 А сынып оқушысы Зухарнаева Камила «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін игі бастама.»

•7 Ә сынып оқушысы Қабдыбек Әділ «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» деген тақырыпарда баяндама жасады.

Конференцияға арнайы сарапшы ретінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Мейірбекова Гүлбахрам Сағатбекқызы, «Балқаш өңірі»газетінің тілшісі Мұхаметжанова Фарида, қалалық  орталықтандырылған  кітапхананың  №3 филиалының кітапханашысы  Туғанбаева Құралай  Насрединқызы қатысты. Сарапшылардың шешімдері бойынша қоғамдағы жаңалықтарды өзіндік көзқарасымен бөлісе алғаны үшін барлық қатысушылар алғыс хаттармен  марапатталды. Конференция соңында Р.Мамытовтың «Жаса, жаса, қазақ тілім!» әні  айтылды.  Ән көрермендердің  жүрегіне жол  тауып, рухтарын  асқақтата  түсті

Дата: 10.10.2017, 5:41 Автор: Школы и сады г. Балхаш