«Латын әліпбиіне көшу – дұрыс қадам» ашық сабақтар

«Латын әліпбиіне көшу – дұрыс қадам»ашық сабақтар барлық білім мекемелерінде 8-10 сынып оқушыларының қатысумен өтті. 

Баршамызға белгілі бүгінде қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты әр алуан пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшетініне оқушылардың көзқарасын тыңдау мақсатында өткізілді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты. Яғни бір сұрақтың басы айқындалды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды. Осы пікір барысында мектеп оқушылары өздерінің тұжырымды ойларын ортаға салды. 

№15 мектеп -  лицейінде және №16 орта мектепте“Латын әліпбиіне көшу-дұрыс қадам” тақырыбындаашық сабақ дебат түрінде өткізді. Ашық пікір-сайысқа мектептің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдері, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі қатысты.

Мақсаты:Латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының  алға жылжуына,жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне ,болашақта еліміздің жан-жақты дамуын жалғастыруда зор ықпалын тигізетініне көз жеткізу.

Оқушыларға бір-бірінің  пікірін тыңдап, ойдынақтылып, жүйелі түрдежеткізе білу, фактілер мен  дәлелдеулердіорындыкелтіре білу талаптары қойылды. Сынып оқушылары жақтаушы және даттаушы топ болып екі топқа бөлінді Үш оқушы сарапшы болып тағайындалды.

Алдын ала материалдарын жинақтап,оқушылар сөз жарыстырды.

Жақтаушы топ.

Резолюция: «Латын әліппесіне көшу заман талабы» 

Критерий: Латын әліпбиіне көшу-дұрыс қадам

Аргументі:

I.Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әрпіне көшіреміз. 

II.Бүгінгі қазақ жазуына түбегейлі реформа керек. 

III.Отаршылдық саясаттан құтыламыз. 
Даттаушы топ.

Резолюция: Латын әліппесіне көшу қажеттіліктен туып тұрған нәрсе емес. 
Критерий: Елбасы мәселе көтерді, оны халық шешеді. 
Аргументі: 
1) Рухани бай мұрамыз, сан ғасырлық әдебиетіміз оқусыз, қараусыз қалады. 
2) Латын әліппесіне көшу бүгінгі ұрпаққа да, келешек ұрпаққа да пайдасыз. 
3) Ұлтты екіге бөледі. 

Сабақ барысында  латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. Оқушылар өз ойларын,көзқарастарын жүйелі,нақты түрде жеткізе білді.Дебатты  сарапшылар қорытындылап,  еркін әрі өзара түсіністік жағдайында өткенін, қатысушылар  ойларын ашық айтуға толық мүмкіндік берілгенін атап көрсетті. Қатысушылар «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру үрдісінің ерекше­лік­теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы деген ортақ пікірге  тоқталды.

Дата: 10.10.2017, 5:21 Автор: Школы и сады г. Балхаш