«Қазақстанның жаңғыруы – білімнің үлесі» облыстық секциялық отырыстар

«Қазақстанның жаңғыруы – білімнің үлесі» облыстық секциялық отырыстар

       Қарағанды облысы  білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 тамызында  «Қазақстанның жаңғыруы – білімнің үлесі» білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында № 92, 93 гимназияларының базасында секциялық отырыстар  өткізілді.

      16  бағыт бойынша жұмыс жасаған секцияларға облысымыздың 350 педагогтері және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Өрлеу» БАҰО, Қарағанды қ. педагогикалық шеберлік орталығы филиалының өкілдері  мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары қатысты.

      Әр секциялық жұмыс шеберлік сынып, пікірсайыс алаңы, тренинг, іскерлік ойын түрінде өтті.

       Шараны өткізу барысында Елбасының Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру, дарынды балаларды олимпиадаға дайындау, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау және ШЖМ біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.

       Секция жұмысының қорытындысы бойынша білім берудің алдағы басым бағыттарын анықтайтын қорытынды ұсынымдар қабылданды.

Дата: 18.08.2017, 4:34 Автор: Школы и сады г. Балхаш